Киелі кітап мына үлкен бөлімдерден тұрады:
Осы кітапты өзіңіз окып-зерттеңіз, Жаратушы Иеміз – Алла Тағаланың қандай екенін біліп алыңыз…
Ол — әлемді және ондағының бәрін жаратқан Құдай, көк пен жердің Иесі! Сондықтан Ол адамның қолынан шыққан киелі үйлерде тұрмайды. Құдай пенделердің Өзіне қызмет етуіне де зәру емес. Қайта, Оның Өзі барлығына өмір, дем және қажеттінің бәрін сыйлайды. Ол бір адамнан адамзаттың бар ұлттарын таратып, оларды бүкіл жер жүзіне мекендеткен және олардың мерзімдері мен тұратын жерлерінің шектерін белгілеп қойған. Құдай бұны адамдар Өзін іздесін, мүмкін, қарманып жүргендей іздестіріп, тауып алсын деп істеді. Ол әрқайсымыздан алыс емес, себебі
«Оның арқасында біз өмір сүріп, әрекет жасап, тіршілік етіп жүрміз».
Авторлық құқық туралы мәліметті міндетті түрде оқып шығыңыз. Құпиялылық саясаты мәлімет
Киелі кітап — Құдайдың сөзі, бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы. Кең-байтақ әлемде Жаратқан Иеге сиынушылар Киелі кітаптың ежелгі заманнан бізге жеткен жазбаларын қасиет тұтып, қастерлеп келеді.
Киелі кітап — Хақ Тағаланың адамзатқа арнаған қасиетті хабарларының жиынтығы. Оның Таурат, Забур, Пайғамбарлар жазбалары және Інжіл шариф атты төрт бөліміндегі киелі жазбалары арқылы біз Құдай Тағаланың ізгі қасиеттері, Оның жаратқан ұлан-ғайыр әлемі және адамдарға деген игілікті еркі туралы оқып-үйренеміз.