Бағдарламалар

Киелі кітап файлдары бірнеше аспаптар үшін дайын. Көбірек мәлімет алу үшін төмендегі версияларға шертіңіз. Оны желіде де оқуға болады.

andrАндроид версиясы


1. Андроид телефоныңыздан Play Store-ға барып, «Киелі Кітап» қолданбасын орнатыңыз (“Киелі Кітап (казахская Библия)” таңдаңыз)

немесе…

1. Андроид телефоныңыздан Play Store-ға барып, «YouVersion» қолданбасын орнатыңыз («Библия + Аудио» / «The Bible App Free» таңдаңыз)

немесе…

1. Андроид телефоныңыздан Play Store-ға барып, «And Bible» қолданбасын орнатыңыз

2. And Bible қолданбасын ашып, «Мәзір» таңдаңыз

3. Мәзірден «Көбірек» таңдаңыз

4. Содан соң «Құжаттар жүктеу» таңдаңыз

5. Жоғарыда сол жақтағы «Тілдер» мәзірінен өзіңізге керекті тілді таңдаңыз

6. Содан соң керекті киелі кітап аудармасын таңдап, «ОК» басыңыз. Бұл біраз уақытқа созылуы мүмкін, сондықтан Интернет байланысыңыздың жылдам болғаны маңызды.

Орнатылған аудармадан өзге аударманы таңдау үшін басты экранға барып 2-4 қадамдарды қайтадан орындап шығыңыз.


appleiPhone/iPad-қа арналған версиялары


YouVersion
1. Өз iPhone немесе Apple құрылғыңыздан App Store-ға барып «YouVersion» атты қолданбаны теріңіз

2. “Библия + Аудио” тауып, орнатып алыңыз

немесе…

1. Өз айфоныңыздан App Store-ға барып «PocketSword» атты қолданбаны тауып, орнатып алыңыз

2. «PocketSword» қолданбасын ашып, төменде оң жақтағы «Көбірек» таңдаңыз

3. Тізімнен «Downloads», сосын «CrossWire» таңдаңыз

4. Содан соң «Biblical Texts» таңдаңыз

5. Содан соң «Kazakh», содан соң «Kieli Kitap» таңдаңыз

6. Енді жоғарыда оң жақтағы «Install» таңдап, орнатуды бастаңыз

Басқа орнатылған версияны таңдау үшін басты экранның жоғарғы жағындағы түймелердің керектісін басыңыз.


winWindows Phone/Планшетке арналған версия


1. Өзіңіздің уиндоусфон немесе планшетіңізден Windows App Store-ға барып, «Cross Connect» деген қолданбаны тауып, орнатып алыңыз

2. «Cross Connect» ашып, «Download Bible» және «Download Bible List» дегендерді басыңыз

3. Тілдер мәзірінен «Қазақша» таңдап алыңыз

4. Енді «Download Bible» дегенді таңдаңыз


Компьютерге арналған

Версия Сипаттама Жүктеп алу
Тасымалы версия Бұл ең тиімді, әрі компьютеріңізге орнатқанға қарағанда оңайырақ жол, себебі Киелі кітап мәтіні бағдарламаның құрамына енгізілген. Орнатудың керегі жоқ. Тек бағдарламаны жүктеп алып, керек кезде папкадан жұмыс істетсеңіз жетіп жатыр.

  • Архив zip файлын мына жерден жүктеп алыңыз да сақтап қойыңыз.
  • Файлды архивтен шығарып, компьютердің табуға оңай жерінде, мысалы «жұмыс үстелінде» сақтап қойыңыз.
  • Папканы ашып, HB-portable.exe файлын екі рет қатарынан шертіңіз.
3.10 (53Мб)
Орнатылмалы версия Бұл қолданбаны сіздің компьютеріңізге орнатады, сонда оны бастапқы мәзірден табуға оңай болады. Ескерту: қолданбаны жүктеп алып, орнатып болған соң Киелі кітап модулін жеке жүктеп алып орнату керек.

  • Орнатпа файлын жүктеп алып сақтап қойыңыз.
  • Орнатпа файлына қатарынан екі рет шертіп Киелі кітап бағдарламасын орнату үшін нұсқауларды орындаңыз.
3.10 (23Mб)
Киелі кітап модулі Орнату туралы нұсқаулар

  • Киелі кітап модулін жүктеп алып, сақтап қойыңыз.
  • Киелі кітап бағдарламасын ашып, «Файл» мәзірін шертіңіз, оның ішінен «Жаңа модульдарды қосуды» таңдап, сіз жүктеп алған Kazakh-3.3.xsm файлын таңдаңыз.
  • Модуль табысты орнатылған жағдайда бағдарламаға жаңа «KAZ» Киелі кітап мәтіні қосылып, қазақ тіліндегі жаңа интерфейс пайда болады.
3.5 (3.7Мб)

Немесе бағдарламаны және қазақша модульді ІВТ парақшасынан жүктеп алуға болады: www.ibt.org.ru. Осы сайттан қосымша модульдер де табуға болады, оларды бағдарламаның орнатылмалы немесе тасымалы версияларына кіргізілуі мүмкін.


javaҰялы телефондарға арналған версиялар


Бұл бағдарламаны Java қолданбаларын пайдалана алатын ұялы телефондарда жұмыс істетуге болады. Телефоныңыз қолдана алатын версияны таңдап, керекті файлдарды компьютеріңізге жүктеп алыңыз. Содан соң файлдарды телефоныңызға көшіріп, керек болғанынша қолданбаны ашыңыз немесе орнатыңыз. Көбірек ақпаратты төмендегі файлдар туралы мәліметтен таба аласыз.

Версия Сипаттама 1 файл, 3 файл, 5 файл
Қазақ әріптері Қазақ әріптерін қолдайтын телефондарға Бір файл (2.0 Мб)
Үш файл (2.0 Мб)
Бес файл (2.1 Мб)
Орыс әріптері Қазақ әріптерін қолдамайтын, бірақ орыс әріптерін қолдайтын телефондар үшін Бір файл (1.9 Мб)
Үш файл (2.0 Мб)
Бес файл (2.0 Мб)
Орыс пен латын әріптері Қазақ әріптерін қолдамайтын, бірақ орыс және латын әріптерін қолдана отырып қазақ әріптерін көрсетуге болатын телефондар үшін Бір файл (1.9 Мб)
Үш файл (2.0 Мб)
Бес файл (2.0 Мб)

Орнату туралы нұсқаулар

Бұл модульдердің сіздің телефоныңызда жұмыс істейтін-істемейтіні көптеген жайттарға байланысты. Мысалы, сіздің телефоныңыз java қолданбаларын (jar файлдарын) қолдана алуы керек. Алдымен файлдарды компьютерге жүктеп алып, сосын оны телефоныңызға кабель немесе блютуз арқылы өткізіп алуды ұсынамыз.

  • Бірінші: Сізге қанша бөлік керек екенін анықтап алыңыз. Бүкіл Киелің кітаптың .jar файлының көлемі 2 мегабайттан сәл аз. Бірақ көп телефондар осындай үлкен файлдармен жұмыс істей алмайды. Сондықтан біз осы модульді 1, 3 не 5 бөлікке бөліп ұсынамыз. Алдымен телефоныңызға ең үлкен файлды, содан кейін кішіректерін орнатуды ұсынамыз.
  • Екінші: сіз жүктеп алып отырған файл zip файлы. Оны алған соң оны архивтен шығару керек, нәтижесінде екі түрлі файл пайда болады: .jar және .jad. Көбінесе тек қана .jar файлы ғана керек болады, сондықтан тек соны ғана орнатып көріңіз. Егер бұл нәтижесіз болса, онда .jad файлын да телефоныңызға көшіріп көріңіз.

Тағы мынаны естен шығармаңыз: Осы модульдерді сіз достарыңызға да бергіңіз келсе, оны былай істеуге болады. Керекті файлдарды алдымен басқа папкаға саласыз. Телефонды кабель арқылы компьютерге жалғастырып, сол арқылы файлдарды керекті папкаға жылжытуға болады. Содан соң файлдарды блютуз арқылы басқа біреуге беруге болады.

Егер керекті файлдар телефоныңыздың «басқа» папкасында болып, оларды таратуға мүмкіндікті танысыңызға да бергіңіз келсе, және оның телефоны сіздің жады картаңызды оқи алса, онда оны былай істеуге болады:

  • .jar және .jad файлдарын телефоныңыздың өз жадысындағы (яғни жады картасын шығарғанда қалатын жады) «басқа» папкасына салыңыз.
  • Досыңыздың жады картасын алып, оны өз телефоныңызға салыңыз.
  • .jar және .jad файлдарын телефоныңыздың жадысынан телефоныңызға салынған досыңыздың жады картасына көшіріңіз. Содан соң жады картасын досыңызға қайтарып беріңіз. Енді екеуіңіздің де телефондарыңыз блютуз арқылы файл жібере алады.

Файлдарды блютуз арқылы да жіберуге болады, бірақ телефондардың көбі файлдарды бірден телефонға орнатып, сіз оларды басқаларға бере алмай қаласыз.


Электронды кітаптар


Қазақша Киелі кітапты Киндль, Нук, Кобо және басқа электронды кітаптар арқылы оқуға болады.

  • Мына жерден Киндльге арналған .mobi файлын немесе жаңарақ Киндльдерге (Kindle Fire) арналған .azw3 файлын мына жерден жүктеп алыңыз.
  • Мына жерден басқа (NOOK, Kobi, т. б.) электронды кітаптарға арналған .epub файлын жүктеп алыңыз.

Электронды кітабыңызды компьютеріңізге жалғап, жүктеп алған файлдарды көшіріп алыңыз.


dvd2DVD версиясы


Қазақша Киелі кітаптың DVD-ге жазылған түрі бар. DVD плейер және теледидарды қолданып, мәтінді оқуға болады. Кейбір кітаптардың аудио жазбасын мәтінмен бірге тыңдауға болады.

Орнату туралы нұсқаулар:

1.Мына жерге шертіп, ISO файлын жүктеп алыңыз. Ол үлкен файл (4.2 ГБ), сондықтан Интернет байланысының тұрақты болғаны маңызды.

2. Компьютеріңізге жүктеп болған соң ISO файлды DVD дискіге жазып алыңыз.

3. DVD дискісін DVD плейерге немесе компьютерге енгізіп, қазақша Киелі кітапты оқыңыз немесе тыңдаңыз.

Сұрақтарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз.


Қосымшалар


Қазақша Киелі кітапты оқу үшін басқа да қолданбалар мен бағдарламалар бар. Оларды crosswire.org-тан  табуға болады.

Пікірлер қалдыруы жабылған.