Софония пайғамбар
Жазба туралы мәлімет
Софония пайғамбар Езекия патшаның шөпшегі болатын. Пайғамбар Құдайдың хабарын Яһуда еліне Жосия патшалық құрған кезде (б.з.д. 640-609 жж.) жеткізді. Демек, пайғамбар осы қызметін Жосия өз халқын Жаратқан Иеге қайтарып алып келген уақыттан (б.з.д. 623 ж., Пат4 22:11-23:30) бұрын атқарды. Жосияның әкесі Амон және атасы Манаса Яһуданың халқын Алла Тағаланың түзу жолынан тайдырып, көршілес ұлттар істегендей жалған тәңірлерге табындырып, күнәға әбден батырған болатын. Енді Софония пайғамбар халыққа Жаратқан Иенің ұлы соты күні келгенде Ол сол ұлттарды да, Яһуда халқын да қатаң жазалайтыны жайлы сақтандырды. Олар жауларының еліне жер аударылмақ. Ал Жаратқан Иеге мойынсұнғандарда үміт бар еді: Ол халқын мейіріммен кешіріп, қайтадан қабылдамақ. Сонда олар айдалып әкетілген жерлерінен зор қуанышпен Яһуда еліне қайтып келетін болады.