Зәкәрия  7
Оразадан гөрі әділдік пен мейірім маңызды
1
Дарий патшалық құрған
а
төртінші жылының тоғызыншы, яғни кислеп, айының төртінші күні
ә
Жаратқан Ие Зәкәрия пайғамбарға қайтадан сөзін арнады.
2
Бетелдің тұрғындары Шаресер мен Регем-Мәлікті өз адамдарымен бірге Жаратқан Иенің алдына барып сиынып, Одан рақым етуін өтінуге жіберген еді.
3
Бұлар Әлемнің Иесінің киелі үйіндегі діни қызметкерлер мен пайғамбарлардан: «Ұзақ жылдар бойы бесінші айды ғибадатхананың қирағанын еске түсіріп, қайғырып ораза ұстаумен өткізіп келген едік.
б
Енді соны жалғастыра берудің бұдан былай да керегі бар ма, жоқ па?» — деп сұрады.
4
Сонда Әлемнің Иесі маған сөзін арнап былай деді:
5
— Елдің бүкіл халқы мен діни қызметкерлерден мынаны сұра: Соңғы жетпіс жыл бойы бесінші және жетінші айларда қайғырып ораза ұстағандарың шынымен Маған арналып па еді?
6
Әрі ішіп-жеген кездеріңде өз пайдаларың үшін ғана ішіп-жеп пе едіңдер?
7
Иерусалим мен оның айналасындағы қалалар тұрғындарға толы болып, тыныштыққа кенеліп, оңтүстіктегі иен дала мен батыстағы төменгі қыраттарда да адамдар тұрып жатқан кездері Жаратқан Иенің ежелгі пайғамбарлар арқылы жариялаған сөздері осылар емес пе?
Құдайдың бұйрықтарын менсінбеудің жазасы
8
Жаратқан Ие Зәкәрияға тағы да сөзін арнап былай деді:
9
— Мен, Әлемнің Иесі, (ата-бабаларыңа) мынадай бұйрықтар берген едім: «Әділ үкім шығарыңдар, бір-біріңе мейірім мен аяушылық танытыңдар!
10
Жетім-жесірлерге әрі жат жұрттық пен жарлы-жақыбайға зорлық-зомбылық жасамаңдар! Бір-біріңе қарсы зұлымдық ұйымдастырмаңдар!»
в
11
Бірақ олар тыңдаудан бас тартты, тіпті тыңдамаймыз деп бет-жүздерін бұрып, естімеу үшін құлақтарын жауып алды.
12
Олар Таурат заңын да, Мен, Әлемнің Иесі, Өзімнің Рухыммен ежелгі пайғамбарлар арқылы жіберген өзге сөздерімді де тыңдамау үшін жүректерін тастай етіп қасарыстырып қойды. Сондықтан да оларға қатты қаһарландым.
13
Мен оларды шақырған кезде олар құлақ салмаған еді. Сондықтан олар Мені шақырған кезде Мен де құлақ салмадым, — дейді Әлемнің Иесі.
14
Осылай Мен оларды өздері бұрын-соңды көріп-білмеген халықтардың арасына дауыл айдағандай бытыратып жібердім. Олар тастап кеткен елдің иесіз бос қалғаны сонша, онда ешкім де аяқ басып жүрмейтін болды. Осылайша олар сол шұрайлы елді қаңыраған құла түзге айналдырды.

а  1:1.

ә  Б.з.д. 518 ж. 7-желтоқсан.

б  7:5; 8:19; Езр 3:12; Ерм 52:12-17.

в  8:17; Мыс 22:22; Ерм 7:6; Мих 2:1.