Зәкәрия  6
Сегізінші көрініс: төрт күйме
1
Мен қайтадан жоғары қарап, екі таудың арасындағы шатқалдан шығып келе жатқан төрт күймені көрдім. Сол екі тау қола тау екен.
2
Бірінші күймеге жирен, екіншісіне қара,
3
үшіншісіне ақбоз, төртіншісіне ала аттар жегіліпті. Аттардың бәрі де мықты екен.
4
Сонда мен өзіммен сөйлескен періштеден:
— Мыналар не, мырзам? — деп сұрадым.
5
Періште маған:
— Бұлар көктің төрт рухын бейнелейді. Осы төрт рух бүкіл жер бетінің Иесінің алдында тұратын нөкерлері. Олар Оның еркін орындауға шығып бара жатыр,
а
— деп түсіндірді. —
6
Қара аттар жегілген күйме солтүстік жаққа қарай, ақбоз аттар жегілген күйме олардың артынан,
ә
ал ала аттар жегілген күйме оңтүстікке қарай бағыт алды.
7
Сол мықты аттар алға шығып, жер бетін шолып қайтуға асыға жұлқынды. Сондықтан ол: «Барыңдар, жерді шолып қайтыңдар!» — деп бұйырды. Осыны естісімен олар жерді шарлауға аттанды.
8
Сонда Жаратқан Ие маған дауыстап:
— Біліп ал, солтүстікке кеткендер сол өлкеге
б
Менің қаһарлы жазамды тартқызып, Рухымды тыныштандырды, — деді.
Бас діни қызметкер Ешуаға арналған тәж
9
Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
10
— Бабылға жер аударылудан қайта оралған Хелдай, Тобиях және Едаях есімді адамдардан алып келген сый-тартуларын қабылдап, сол күні Софония ұлы Жосияның үйіне бар!
11
Осы күміс пен алтыннан алып, тәж жасатып, оны бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаның басына кигіз.
в
12
Оған былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мынау — «Өскін»
г
есімді адам. Ол өз орнынан өсіп-өрбіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын болады.
13
Иә, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын Сол болады! Ол салтанатқа бөленіп, өз тағында отырып билік құрмақ. Ешуа діни қызметкер ретінде патшалық таққа отырған соң, екі лауазымның арасында ынтымақ орнайды.
14
Ал тәж Хелдай,
ғ
Тобиях, Едаях және Софония ұлы Хеннің
д
қамқорлығына тапсырылып, ғибадатханада естелік белгі ретінде сақталады.
15
Алыста тұратын халықтар келіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын салуға көмектесетін болады.
е
Сонда мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар. Егер Құдай Иелеріңнің айтқандарына бұлжытпай құлақ ассаңдар, осының бәрі жүзеге асады.

а  1:10-11; Жыр 67:18; Дан 7:10; Езк 37:9.

ә  Немесе: батысқа қарай.

б  Яғни Бабыл мен басқа да жау елдеріне (1:14-15; Езк 5:13; 24:13).

в  3:1; Шеж1 6:15; Езр 2:2; 3:2.

г  (3:8) Яки: «Өркен».

ғ  Хелдай есімінің басқа түрлері: Хелем, Хелед (Шеж1 11:30).

д  Хен: Жосияның қосымша аты (6:10).

е  Иш 60:4-11.