Зәкәрия  3
Төртінші көрініс: бас діни қызметкер Ешуаның ақталуы
1
Бұдан кейін періште маған Жаратқан Иенің періштесінің алдында тұрған бас діни қызметкер Ешуаны
а
көрсетті. Ал шайтан
ә
Ешуаны айыптау үшін оның оң жағында тұрды.
2
Жаратқан Ие шайтанға: «Саған Жаратқан Ие тыйым салады, шайтан! Иә, Иерусалимді таңдап алған Жаратқан Ие саған тыйым салады! Осы адам жанып кетпей тұрып от ішінен құтқарылып алынған
б
отындық ағаш сияқты емес пе?» — деп зекіді.
3
Ешуа періштенің алдында ластанған киіммен тұрды.
4
Ал періште өзінің алдында тұрғандарға:
в
«Оның лас киімдерін шешіп тастаңдар!» — деп тапсырды. Ешуаға қарап ол: «Мен сенің кінәңді алып тастадым. Енді саған салтанатты киім кигіземін», — деді.
5
Сонда мен: «Оның басына таза сәлде кигізіңдер», — деп өтіндім. Олар оның басына таза сәлде, үстіне арнайы киімдер кигізді. Осы кезде Жаратқан Иенің періштесі жанымызда тұрды.
6
Одан кейін Жаратқан Иенің періштесі Ешуаға ескертіп былай деді:
7
— Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Егер де сен Менің жолыммен жүріп, тапсырмаларымды орындайтын болсаң, онда сен Менің киелі үйіме жетекшілік етіп, оның аулаларын да басқаратын боласың, әрі Менің осында тұратын сенімді қызметшілерімнің арасында жүруіңе болады.
8
Уа, бас діни қызметкер Ешуа және алдыңда отырған серіктестерің, тыңдаңдар! Сендердің барлығың болашақтағы кереметтің бейнесісіңдер. Біліп алыңдар: Мен Өзімнің «Өскін» деп аталатын Қызметшімді
г
алып келемін.
9
Мен Ешуаның алдына қойған асыл тас,
ғ
міне, мынау: оның жеті
д
қыры бар. Мен тасқа сөздерімді қашап жазып, осы елдің күнәсін бір-ақ күнде алып тастаймын,
е
— деп уәде етеді Әлемнің Иесі. —
10
Сол күні сендердің әрбіреуің (көріп жатқан игіліктерімен бөлісу үшін) көршісін өзінің жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отыруға шақыратын болады», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.

а  6:11.

ә  Яки: айыптаушы (Әйүп 1:9-11; Шеж1 21:1).

б  Яғни Бабылдағы тазартатын азап отынан өтіп құтқарылған (13:8-9; Заң 4:20; Иш 48:10; Амо 4:11).

в  Яки: өзінің алдында тұрған өзге періштелерге (3:7).

г  Яғни Мәсіхті (Иш 11:1; 42:1-4; 43:10; 53:2,11; Ерм 23:5-6; 33:15-16; Пат2 7:16; 23:5).

ғ  Жыр 117:22-23; Иш 28:16; Дан 2:34-35,45.

д  Киелі кітаптағы «жеті» саны кемелділікті білдіреді (4:10).

е  3:4; 12:10; Иш 53:4-12; Жох 1:29; 19:30; Рим 3:25.