Зәкәрия  2
Үшінші көрініс: Иерусалимнің көлемін өлшеуші
1
Мен қайтадан жоғары қарағанда қолында өлшеуіш жібі бар біреуді көрдім.
2
Мен одан:
— Қайда бара жатырсыз? — деп сұрадым. Ол:
— Иерусалимнің ені мен ұзындығын білу үшін оны өлшеуге бара жатырмын, — деп жауап берді.
3
Менімен сөйлескен періште сол кезде алға қарай беттеді. Сонда басқа бір періште оған қарсы кездесті.
4
Бұл оған былай деді:
— Ана жас жігітке тездетіп барып мынаны айт: Иерусалим малы мен адамы көп болғандықтан қамал қабырғасы жоқ, ашық қала сияқты болады!
5
«Мен Өзім әрі қаланың айналасындағы жалындаған отты қабырғасы,
а
әрі оның ішіндегі нұрлы салтанаты
ә
іспетті боламын», — деп уәде береді Жаратқан Ие.
Жер аударылған халыққа арналған үндеу
6
«Уа, халайық, дайындалып, жолға шығыңдар! Солтүстіктегі елден
б
қашып кетіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Себебі Мен сендерді дүниенің шартарабына шашыратып жіберген едім.
7
Уа, Сионның халқы, Бабыл халқымен бірге тұрып жатқан сендер сол елден қашып кетіңдер!»
8
Себебі бір даңқты кезеңнен кейін Әлемнің Иесі мені өздеріңді тонаған халықтарға жіберіп,
в
мынаны айтты: «Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені!
9
Мен таяуда оларға қарсы қолымды созбақпын. Сонда оларды өз құлдары тонайтын болады».
г
— Сол кезде сендер Әлемнің Иесінің мені жібергенін анық білетін боласыңдар.
10
«Қуана ән салып шаттаныңдар, уа, Иерусалимнің халқы! Мен сендердің араларыңда тұруға келе жатырмын! — деп уәде етеді Жаратқан Ие. —
11
Сол күні көптеген ұлттар Менімен тығыз байланысқа түсіп, Менің халқым болады. Мен сендердің араларыңда тұрамын». — Сол кезде сендер мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар.
12
Жаратқан Ие Яһуданы Өзіне бағышталған қасиетті еліндегі айрықша үлесі
ғ
ретінде қабылдап, Иерусалимді (өз қаласы болуға) қайтадан таңдап алады.
13
Бүкіл адамзат Жаратқан Иенің алдында тынышталсын! Ол Өзінің киелі тұрағынан шығып, әрекет етіп жатыр.
д

а  8:9; Иш 4:5; 26:1; 60:18.

ә  2:10-11; Пат2 8:10-11; Иш 60:19; Хақ 2:9.

б  Яғни Бабыл патшалығының кең-байтақ аймақтарынан. Бабыл әскері солтүстіктен аттанып келіп, Яһуда елін жаулап, халқын жер аударған еді (Ерм 6:1,22; 52:4-7,24-30).

в  Осы жіберілген тұлғаның Жаратқан Иенің періштесі болғаны ықтимал (1:8,11; 2:9).

г  Ежелде Мысырда болғандай (Мыс 12:35-36).

ғ  Мыс 19:5; Жыр 32:12; Заң 32:9; Ерм 10:16.

д  Яғни Ол жау елдерін соттап жазалауға кірісті (2:8-9).