Зәкәрия  1
Жаратқан Иенің Исраилді Өзіне қайтуға шақыруы
1
Дарийдің (парсы патшалығына билік жүргізген) екінші жылының сегізінші айында
а
Жаратқан Ие Барақияхтың ұлы, Иддоның
ә
немересі Зәкәрия пайғамбарға сөзін арнап былай деді:
2
— Мен, Жаратқан Ие, сендердің ата-бабаларыңа қатты ашуланған едім.
3
Сондықтан халыққа былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер! Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. —
4
Ата-бабаларың сияқты болмаңдар! Ежелгі пайғамбарлар оларға былай деп дауыстап ескертетін: «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Зұлым жолдарыңнан қайтып, сұмдық істеріңді тастаңдар!» Алайда ата-бабаларың Маған құлақ салып, тыңдаудан бас тартты, — деп сақтандырады Жаратқан Ие. —
5
Сол ата-бабаларың қазір қайда екен? Ежелгі пайғамбарлар да мәңгі өмір сүрген жоқ.
6
Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады.
Бірінші көрініс: жасыл бұталардың арасындағы салт атты
7
Персияға Дарий патшалық құрған екінші жылының он бірінші, яғни шебат, айының
б
жиырма төртінші күні Жаратқан Ие Барақияхтың ұлы, Иддоның немересі Зәкәрия пайғамбарға тағы да сөзін арнады. (Бұл туралы Зәкәрия былай деп баяндады:)
8
Түнде мен жирен атқа мінген бір адамды көрдім. Ол аңғардағы жасыл бұталардың
в
арасында тұр екен. Оның артында жирен, торы және ақбоз аттарға мінгендер болды.
9
Сонда мен:
— Мырзам, бұл не екен? — деп сұрадым. Менімен сөйлесіп тұрған періште маған:
— Оның не екенін саған көрсетемін, — деді.
10
Сонда жасыл бұталардың арасында тұрған салт атты:
— Бұлар Жаратқан Иенің жер бетін шолып келуге жіберген шолғыншылары, — деп жауап берді.
11
Салт аттылар Жаратқан Иенің жасыл бұталардың арасында тұрған періштесіне:
г
«Біз күллі жер бетін шолып шықтық. Бүкіл жер беті тыныш та бейқам тұрып жатыр», — деп баяндады.
12
Осыдан кейін Жаратқан Иенің періштесі: «Уа, Әлемнің Иесі, осы өткен жетпіс жыл бойы Сен Иерусалимге және Яһуда елінің басқа қалаларына қаһарланып келдің.
ғ
Қашанға дейін оларға рақымыңды көрсетуден бас тартпақсың?» — деп өтінді.
13
Сонда Жаратқан Ие менімен сөйлесіп тұрған періштеге мейірімді де жұбанышты сөздермен жауап қатты.
14
Әлгі періште маған бұрылып, былай деді:
— Сен мына хабарды жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Мен Иерусалим қаласын және Сион тауын зор ынтызарлықпен сүйемін.
15
Ал бейқам тұрып жатқан сол елдерге қатты ашулымын. Себебі Мен халқыма едәуір ашуланған кезде олар оған тым көп зорлық-зомбылық жасады.
д
16
Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен Иерусалимге мейірімімді төгу үшін қайтып келе жатырмын. Осы қалада Менің киелі үйім қайтадан салынып, құрылысшылар өлшеуіш жіптерін тартатын болады». — Әлемнің Иесі осыны уәде етеді.
17
Тағы былай деп те жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Менің қалаларым қайтадан ағыл-тегіл дәулетке кенеледі. Мен, Жаратқан Ие, тағы да Сионды жұбатып, Иерусалимді Өзімнің қалам деп таңдап аламын».
Екінші көрініс: төрт мүйіз бен төрт ұста
18
Мұнан кейін мен жоғары қарағанда, көз алдымда тұрған төрт мүйізді көрдім.
19
Өзіммен сөйлескен періштеден:
— Мыналар не? — деп сұрадым. Ол маған:
— Бұл мүйіздер Яһуданы, Солтүстік Исраилді және Иерусалимді бытыратып жіберген күшті елдерді білдіреді, — деп түсіндірді.
20
Содан соң Жаратқан Ие маған төрт ұстаны көрсетті.
21
Мен:
— Мына ұсталар не істейін деп жатыр? — деп сұрадым. Періште былай деп жауап берді:
— Әлгі мүйіз іспетті күшті елдер Яһуда халқын ешкім бас көтере алмайтындай етіп бытыратып жіберген еді. Бірақ мына ұсталар сол елдерді қорқытып, жерге құлатып құрту үшін келді.

а  Б.з.д. 520 ж. қараша айында. (Хүстаспес ұлы Дарий парсы патшалығына б.з.д. 522-486 жж. билік жүргізді: Хақ 1:1; Езр 5:1.)

ә  Иддо Бабылдан қайтып келген діни қызметкерлердің бірі болып тіркелген еді (Нех 12:4).

б  Демек, б.з.д. 519 ж. ақпан айында.

в  Яки: мирта бұталарының. (Мирта: хош иісті, ақ гүлді мәңгі жасыл өсімдік: Иш 41:19; 55:13.)

г  Жаратқан Иенің періштесі: Бил 6:11,14; 13:3,9,16-20.

ғ  Ерм 25:11-12; Дан 9:2-3,11-16; Шеж2 36:21.

д  1:19; Иш 10:5; 47:6; 54:8; Ерм 25:9; 51:24.