Пайғамбарлар Жазбалары (Екінші бөлім)
Ишая, Жүніс, Зәкәрия және басқа бірнеше пайғамбар Құдай Тағаладан қабылдаған ескертпелер мен нұсқауларды Оның Киелі Рухының жетелеуімен кейінгі ұрпақтарға арнап жазбаша қалдырған. Бұл жазбаларды Мәсіхтің дүниеге келуінен бірнеше ғасыр бұрын қасиетті адамдар Алла Тағаланың еркімен жинақтап, Оның адамдарға арнаған сөзі деп қастерлеп, көшіріп таратты.
Пайғамбарлар жазбаларының бірнеше жерінде Жаратқан Иенің таңдаған халқын езгіден құтқару үшін Мәсіхті жіберетіні жайлы айтылған. Мәсіх Иса күнәларына өкінгендерді бостандыққа бастап, тыныштық пен әділдікті орнатпақ. Сонда қастық пен азаптың орнын ізгілік пен қуаныш басатын болады (Иш 11:1-9).
Пайғамбарлар жазбаларынан Інжіл шарифте көп үзінді келтірілген. Олар пайғамбарлардың Құдайдың тапсыруымен ежелде-ақ Мәсіхтің өмірінде болатын оқиғаларды алдын ала айтып кеткендігін көрсетеді.
Жаратқан Ие Өзінің берген уәделерін өткен кезеңдерде іске асырғанындай, бүгінгі заман мен болашақ үшін берген уәделерінің барлығын да жүзеге асыруда немесе келешекте жүзеге асырмақ.