Пайғамбарлар Жазбалары (Бірінші бөлім)
Пайғамбарлар ежелден-ақ Құдайдың еркін адамзатқа білдіріп отырды. Олар аян не бейнелі көрініс көріп, дауыс еститін немесе басқаша жолдармен Құдайдың Киелі Рухынан айрықша хабар алатын.
Осылай Құдай адамдарды түзу жолдан тайып, жалған тәңірлерге құлшылық етуден сақтандыратын. Пайғамбарлар халық арасындағы екіжүзділік пен опасыздықты, әділдіктің бұрмалануын, бейшараларға зорлық-зомбылықтың жасалуын да әшкерелейтін. Олар ата-бабаларын жаудың езгісінен құтқару үшін Құдайдың өткен кезеңдерде жасаған керемет істерін Оның таңдаған халқының есіне салып, оларды жалғыз Жаратқан Иеге ғана сиынуға шақыратын. Ал егер адамдар күнә жасауларын жалғастыра берсе, Құдайдың жазасына ұшырап, жауларынан жеңіліп, өзге де апаттарға душар болатындарын ескертіп отырды.
Ыбырайым, Мұса, Һарон сияқты ежелгі бірнеше пайғамбардың өмірбаяндары Тауратта берілген. Көптеген басқалары, мысалы Самуил, Дәуіт, Натан, Ілияс және Еліше (яки Ал-Яса) жайлы Пайғамбарлар жазбаларының осы бірінші бөлімінде баяндалған.