Таңдаулы ән  1
Әннің атауы
1
а
Сүлейменнің таңдаулы әні.
ә
Қалыңдықтың алғашқы өтінішін білдіруі
(Қалыңдық:)
Еріндерің өпсін қайта-қайта мені,
Махаббатың сенің шараптан да тәтті,
2
Иісмайыңның жұпары аңқып кетті,
Атың шашылған иіссудай әйгілі,
Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті.
3
Ала кетші мені өзіңмен бірге,
Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне!
Патшам
б
мені кіргізді өз бөлмелеріне.


(Қалыңдықтың құрбылары:)
Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз,
Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз.


(Қалыңдық:)
Өзіңді ұнатқандарына осылардың,
Уа, жаным, сен әбден лайықтысың!
4
Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын,
Уа, қыздары Иерусалим қаласының.
Қидардағы шатырлардай қара торымын,
Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын.
в
Қалыңдықтың жасқана толғануы
(Қалыңдық:)
5
Қарамаңдаршы маған тесірейе,
Бетімді күйдірді күн сәулелері.
Ағаларым маған ашуланған еді,
Баққызып қойды содан жүзімдіктерді,
Сөйтіп күте алмадым өз жүзімдігімді.
г


6
Айтшы маған, уа, сүйіктім, қай жерде
Бағып жүресің өз отарыңды?
Әрі сен қайда барып, түскі кезде
Тынықтырып аласың қойларыңды?
Мен несіне қаңғырамын бет-перде
Жамылған жүгенсіздей, достарыңның
Отарлары арасынан сені іздеуге?


(Құрбылары:)
7
Ең сұлу ару, сен мұны білмеймісің?
Ұсақ малдың соқпақтарымен жүр сонда,
Жайып бақ лақтарыңды өзіңнің
Шопан қостарының маңайында.
Күйеу жігіттің мейірімді мақтау сөзі
8
Жаным, сені ұқсатам сайгүлікке
Жегілген перғауынның күймесіне.
ғ
9
Екі бетің көрікті сырғаларыңмен,
Мойның да әп-әдемі алқаларыңмен!
10
Өзіңе арнап күміспен көмкерілген
Алтын сырғалар соқтырып беремін мен.
Қалыңдықтың шаттана толғануы
(Қалыңдық:)
11
Патшам
д
дастарқан басына жайғасты,
Иісмайымның жұпары сол тұста жайылды.
12
Сүйіктім хош иісті мүр шайырындай,
е
Кеудемде аңқып тұрған қалташықтай,
13
Ен-Геди
ж
жүзімдігінің қынагүл шоғындай.
з
Екі ғашықтың көңілді айтысы
(Күйеу жігіт:)
14
Уа, жаным, керемет қой сұлулығың,
Көгершіндей қос жанарың, сондай сұлусың!


(Қалыңдық:)
15
Қандай көріктісің, сүйгенім, сүйкімдісің!
Көк шалғын болады төсегіміз біздің.


(Күйеу жігіт:)
16
Самырсын бұтақтары шаңырағымыздай,
Жұпар шыршалар уықтарымыздай.



а  Ескерту: Кейбір аудармаларда осы тараудағы бұдан кейінгі аяттардың бәрі бір санға артық.

ә  Яки: Сүлейменнің әндерінің әні.

б  Яки: Сүйген күйеу жігітім (1:11; 3:11; 6:12; 7:6).

в  Шатыр мен перде шөлейт Қидар аймағының қара түсті ешкі жүнінен тоқылатын (Иш 21:16-17; 42:11; 60:7; Езк 27:21).

г  Яғни өз өңімді. (Қалыңдық өзінің күнге күйіп қарайып кеткеніне сілтеп жатыр: 1:4.)

ғ  Немесе: Жаным, сен перғауынның күймелеріне жегілген айғырлардың арасындағы биедей тартымдысың.

д  Яки: Сүйген күйеу жігітім (1:3).

е  Сол заманда адамдар мүр шайыры не басқа хош иісті заттар салынған шағын қалташықтарды кеуделеріне тағып жүретін (Жыр 44:9).

ж  Өлі теңіздің батыс жағасындағы шұрат (Пат1 24:1; Езк 47:10).

з  Яғни қына бұтасының жұпар гүлдерінің шоғындай.