Рут  4
Қайнағасының Рутқа қамқорлық жасауы
1
Боғоз қала қақпасының қасындағы алаңға
а
барып отырды. Қараса, өзі Рутқа айтқан туысқаны қасынан өтіп бара жатыр екен. Боғоз оған: «Туысқан, мұнда келіп, отыра тұр», — деді. Ол қасына келіп, жайғасқаннан кейін
2
Боғоз қаланың он ақсақалын шақырып алып: «Қасымызға отырсаңыздар екен», — деп өтінді. Содан ақсақалдар да жайғасып отырды.
3
Боғоз жаңағы туысқанына қарап былай деп сөз бастады:
— Моаб елінен қайтып келген Нағима ағайынымыз Елімәлікке тиісті мұралық жер үлесін сатпақшы.
ә
4
Соны сенің құлағыңа салғым келеді. Халқымның ақсақалдарының және мына отырған жұрттың алдында саған ұсыныс жасаймын: соны сен сатып ал. Егер сол отбасының қамқоршысы болғың келсе, бола бер. Ал бас тартсаң, ашығын айт, мен білейін. Себебі қамқоршы бола алатын ең жақын туысқан сенсің, сенен кейінгі кезек менікі. — Туысы:
— Жарайды, құнын төлеп, сатып алайын, — деді.
5
Сонда Боғоз:
— Егер сен Нағимадан жерді сатып алсаң, онда марқұмның моабтық жесір келіні Руттың әмеңгері болып соған үйленесің. Рут ұлды болғанда тұңғыш ұлы марқұмның ұрпағы деп есептелініп, мұралық жер үлесін сол иемденбек, — деді.
б
6
Бұған туысы:
— Олай болса, жерді сатып ала алмаймын. Бұл өзімнің мұралық үлесіме нұқсан келтірмек.
в
Одан да сенің қамқоршы болып, жерді сатып алғаның жөн. Ал менің қолымнан келмейді, — деп жауап берді.
7
Ежелгі заманда Исраилде мынадай дәстүр бар болатын: егер біреу туысқан қамқоршы ретіндегі борышын басқа біреуге аударса, онда ол бұл істі растау үшін бір аяқкиімін шешіп алып, сол адамға беруге тиісті еді.
8
Сондықтан туысқаны «Жерді өзің сатып ал» дегеннен кейін Боғозға аяқкиімін шешіп берді.
9
Сонымен Боғоз айналасындағы ақсақалдар мен барлық жұртқа қарап былай деді:
— Бүгін сіздер менің Нағимадан Елімәліктің, Хилионның және Махлонның бүкіл меншігін сатып алғандығыма куәсіздер.
10
Мен, сондай-ақ, марқұмның ұрпағын жалғастырып, соған барлық мұрасын қалдыру үшін Махлонның жесірі моабтық Рутты әйелдікке аламын. Осылай марқұмның аты өз әулеті мен қала шежіресінен өшуден аман сақталмақ. Сіздер бүгін соған куәсіздер.
11
Ақсақалдар және қақпа алдындағы алаңда жиналған барлық адамдар:
— Иә, куәміз, — деп растады. Олар Боғозды құттықтап: — Жаратқан Ие сенің үйіңе кіретін бұл әйелді Исраилдің үрім-бұтағын таратқан Рахила мен Лиядай
г
ұрпақты ете көрсін! Сен Ефрата аймағында күшті болып, атың Бетлехемде жасасын!
12
Тамар ата-тегіміз Яһудаға Тамар Паресті
ғ
туып беріп, үлкен әулетті таратқандай, Жаратқан Ие осы жас әйелден сыйлайтын ұрпақтарың арқылы сені де үбірлі-шүбірлі қыла көрсін! — деп баталарын берді.
Дәуіт пайғамбардың ата-тегі
13
Осылай Боғоз той жасап Рутқа үйленді. Жаратқан Иенің жарылқауымен Руттың аяғы ауырлап, ұл туды.
14
Әйелдер Нағиманы құттықтап: «Жаратқан Ие мадақталсын! Енді Ол сені қамқорлайтын мұрагермен қамтамасыз етті. Баланың атағы Исраилге жайылсын!
15
Ол өміріңді қуанышқа кенелтіп, қартайған шағыңда сүйенішің болады. Себебі оны туған — өзіңді жақсы көріп, соншама адал болып келген келінің. Осы келінің саған жеті ұлдан да артық!» — деді.
16
Нағима нәрестені қолына алып, бауырына басып, бағып-қақты.
17
Көрші әйелдер: «Бұл — Нағима үшін туылған ұл», — деп, оған Ғабит
д
деген есім берді. Ғабит Есейдің әкесі, Дәуіттің
е
атасы болды.
18
Парес әулетінің тарау тегі мынау: Парестен Хесрон,
19
Хесроннан Рам, Рамнан Әминадап,
20
Әминадаптан Нағасон, Нағасоннан Салмон,
21
Салмоннан Боғоз, Боғоздан Ғабит,
22
Ғабиттен Есей, ал Есейден Дәуіт туды.

а  Қала тұрғындары сол жерде маңызды істерін жүргізіп, даулы мәселелерін шешетін (9:13; Жар 23:10-18).

ә  Яғни мұралық жер үлесін қайта сатып алу құқығын сатпақ (Леу 25:25).

б  Заң 25:5-10.

в  Яки: Бұл менің өз балаларыма қалдыратын мұрамды азайтпақ.

г  Жар 29:16; 35:23-26.

ғ  Жар 38:16,29.

д  Осы есімнің басқа түрлері: Обид, Абди; оның мағынасы: «Қызметші», яғни Құдайдың құлы.

е  Дәуіт пайғамбар әрі патша (Пат1 16:1,11-13; Пат2 5:1-3).