Римдіктерге хат  16
Жеке кепілдік, сәлемдер және соңғы нұсқаулар
1
Сендерге бауырласымыз Фөбе апайды ұсынамын,
а
ол — Кеніхреядағы қауымның қызметшісі.
2
Оны Иеміздің кісісі ретінде Құдайдың адамдарына лайықты қабылдап, мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз етіңдер! Бұл кісі көп адамдарға қамқорлық жасап келеді, солардың арасында мен де бармын.
3
Мәсіх Исаның қызметіндегі әріптестерім Прискила мен Ақилаға сәлем айтыңдар.
4
Олар мен үшін өмірін қиюға дайын болды. Бұған өзім ғана емес, басқа халықтардың күллі қауымдары да алғыс айтуда. Екеуінің үйінде бас қосатын қауымға да сәлемімді жеткізіңдер.
5
Азия
ә
өлкесінде Мәсіх жолына түскен алғашқылардың бірі болған сүйікті Епенетке де сәлем.
6
Сендер үшін жан аямай қызмет еткен Мәриямға да сәлем айтыңдар.
7
Түрмеде бірге отырған ағайындарым Андроник пен Юнияға
б
да сәлем. Елшілер арасында абыройлары ерекше, олар менен бұрын Мәсіхтің жолына түсті.
8
Иемізбен байланысымыздағы ерекше жақсы көретін бауырласым Амплиға да сәлем.
9
Мәсіхтің қызметіндегі әріптесіміз Ұрбанға және қымбатты досым Стахиға сәлемімді жеткізіңдер.
10
Мәсіхке деген сенімі дәлелденген Апеллеске де сәлем. Аристобулдың отбасына сәлем айтыңдар.
11
Туысқаным Иродионға, Иеміздің қарамағындағы Нарқистың үй ішіндегілерге де сәлем.
12
Иеміз үшін құлшына жұмыс істеп жүрген Трифена мен Трифозаға сәлем айтыңдар; Иеміз үшін көп еңбек сіңірген қымбатты Персидаға да сәлем.
13
Иеміздің таңдаулысы Руфқа
в
және оның маған да ана болған шешесіне сәлем.
14
Асинкіритке, Філегонға, Ерімге, Патробқа, Ермиге және олармен бірге бас қосатын бауырластарға да сәлем жолдаймын.
15
Филолог пен Юлияға, Нире мен оның қарындасына және Олимпанға, сондай-ақ олармен бірге жиналатын Құдайдың барлық адамдарына да сәлем айтыңдар.
16
Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,
г
сәлемімізді жеткізіңдер. Мәсіхтің осындағы барлық қауымдары сендерге сәлем жолдауда.


17
Бауырластарым, сендерге өтіне айтарым: жік шығарып, өздеріңе үйреткен ілімге қарсы араздық туғызушылардан
ғ
сақ болып, аулақ жүріңдер!
18
Мұндайлар Иеміз Иса Мәсіхке қызмет етпейді, қайта, қарындарының ғана қамын ойлап, жағымпазданып, майда да сылдыр сөздерімен тәжірибесіздерді алдайды.
19
Сендердің Құдайға мойынсұнғандықтарың әлемге әйгілі болды. Сондықтан сендер үшін қуаныштымын, әрі жақсылыққа дана, жамандықтан аулақ болуларыңды тілеймін.
20
Тыныштық сыйлайтын Құдай жуық арада әзәзіл шайтанды аяқтарыңа жығып бермек.
д
Иеміз Иса Мәсіх сендерге жар болып, рақымын жаудыра көрсін! Аумин.
21
Қызметкерім Тімоте және ағайындарым Лұси, Ясон және Сосипатыр сәлем айтуда.
22
Осы хатты (Пауыл үшін) қағазға түсіріп отырған мен, Терти, Иса Мәсіхпен жүрген сендерге сәлем жолдаймын.
23
Маған және бүкіл қауымға қонақжайлылық танытқан Гайдан да сәлем. Осы қаланың қазына бастығы Ераст пен бауырласымыз Кварт та сәлем айтуда.
е
24
(Бәріңе де Иеміз Иса Мәсіх жар болып, рақымын жаудыра көрсін! Аумин.)

а  Яки: Сендерге сенімдегі апамыз (не қарындасымыз) Фөбе жайлы жақсы куәлік беремін.

ә  Немесе: Ахая.

б  Немесе: Юниясқа.

в  Мар 15:21.

г  Немесе: Бір-біріңді қасиетті сүйіспен сүйіп. (Сол замандарда бұл бір-бірін шынайы қадірлеп, жақсы көрудің сыртқы белгісі болатын: Пат1 10:1; 20:41; Нқл 7:13; Елш 20:37.)

ғ  Яки: ілімге қарсы кедергі келтірушілерден (немесе: азғырушылардан) (14:13; Лұқ 17:1).

д  Немесе: әзәзіл шайтанды табандарыңа таптататын болады. (Яғни сендерге шайтанды рухани жеңдіреді: Жар 3:15; Аян 5:9-10; 12:9-11; 20:2,10.)

е  Ескерту: көптеген шетел тілдеріндегі аудармаларда осы жерде 14-тараудың 24-26 аяттары жалғасады.