Аян  3
Сардтағы қауымға арналған сәлемхат
1
Сардтағы
а
қауымның періштесіне былай деп жаз:
Бұл — Өзінде Құдайдың жеті Рухы
ә
әрі жеті жұлдызы
б
Бардан хабар.
Мен сенің істеріңді білемін; жұрт сені тірі деп санағанмен (рухани) өлісің.
2
Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт!
в
Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.
3
Өзің тыңдап қабылдаған шынайы ілімді есіңе түсіріп, ұстанып, теріс жолдан қайт! Ал егер оянбасаң, саған ұры сияқты сап ете түсемін. Менің келетін уақытымды ешқашан біле алмайсың.
4
Дегенмен Сардтағы сендердің араларыңда арамданбаған
г
бірқатарың бар. Олар аппақ киім киіп,
ғ
Менімен бірге жүретін болады. Себебі олар соған лайық.
5
Жеңіп шыққан әркім солар сияқты аппақ киім киетін болады; Мен оның есімін Мәңгілік өмір кітабынан
д
өшірмей, Әкемнің және Оның періштелерінің алдында ашық мойындаймын.
6
Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Філаделфидегі қауымға арналған сәлемхат
7
Філаделфидегі
е
қауымның хабаршысына былай деп жаз:
Бұл — Киелі де Шынайыдан хабар.
ж
Өзімде Дәуіттің (патшалығының) кілті бар; Мен ашқанды ешкім жаба алмайды, Мен жапқанды ешкім аша да алмайды.
з
8
Сенің істеріңді білемін. Міне, Мен алдыңнан есікті
и
ашып қойдым, ешкім де оны жаба алмайды. Өзіңдегі күш азырақ болғанымен, сен айтқандарымды сақтап, Менен танбадың.
к
9
Тыңда: өздерін яһудиміз (яғни Құдай халқымыз) десе де, олай емес, өтірікші әрі «шайтанның мәжілісханасы»
қ
болғандардың кейбіреулерін саған беремін; расында оларды аяғыңа бас ұрғызып, Өзімнің сені сүйетіндігіме көздерін жеткіздіремін.
10
Сен Менің азаптарда төзімділік таныту туралы бұйрығымды орындап келгендіктен,
л
Мен сені осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде қорғаймын.
м
11
Мен жуырда келемін. «Жеңісіңнің тәжін»
н
сенен ешкім тартып алмау үшін, өзіңде бар рухани игіліктерді берік ұста!
12
Жеңіп шыққан әркімді Мен Құдайымның киелі үйінің «бағанасы» қылып қадірлеймін; ол содан ешқашан шықпайтын болады. Сол жеңімпазға Құдайымның атын әрі Оның қаласының атын, яғни көктен, Оның қасынан түсетін жаңа Иерусалимнің атын және Өзімнің жаңа атымды да жазамын.
13
Құлақтары барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Лаудікидегі қауымға арналған сәлемхат
14
Лаудікидегі
о
қауымның періштесіне былай деп жаз:
Бұл — «Аумин»
ө
деп те аталатын Мәсіхтен хабар. Ол — шындықты жариялап, шейіт болған адал да шынайы Куәгер әрі Құдайдың жаратылысының Билеушісі.
п
15
Мен сенің істеріңді білемін: сен салқын да емессің, ыссы да емессің. Не ыссы, не салқын болсаң ғой, шіркін!
16
Алайда ыссы да емес, салқын да емес, жылымшы болғаның үшін сені аузымнан түкіріп тастамақпын!
р
17
«Мен баймын, ауқаттымын, еш нәрсеге мұқтаж емеспін», — дейсің. Ал өзіңнің шынында сорлы бейшара, рухани жарлы, жалаңаш әрі соқыр екеніңді білмейсің!
18
Саған рухани баюың үшін отта балқытылып тазартылған «саф алтынды»
с
Менен сатып алуға кеңес беремін. Масқара жалаңаштығың көрінбес үшін Менен «аппақ киім» де алып, киін.
т
Сондай-ақ, көре алуың үшін «көзге жағатын шипалы май» да сатып ал!
19
Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт!
20
Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
21
Өзімнің жеңімпаз болып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, Мен жеңіп шыққан әркімді де қасыма, тағымның үстіне отырғызамын.
у
22
Құлақтары барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!

а  (1:1) Ежелгі Лүдия патшалығының астанасы болған Сард қаласы өте бай еді. Қазіргі аты — Сарт.

ә  1:4.

б  1:16.

в  Немесе: Сергек бол! (Айналаңдағы рухани) өлетін басқаларға (Құдайдың) қайта тірілтетін құдіретін жеткізе гөр.

г  Немесе: киімдерін арамдамаған (Яһд 23).

ғ  3:5; 6:11; 7:9,13-14.

д  Яғни мәңгілік өмірді иемденетіндер тіркелген Құдайдың кітабы (20:12; 21:27; Лұқ 10:20; Дан 12:1).

е  (1:11) Саудамен көп айналысқан қаланың аты «бауырластық сүйіспеншілік» дегенді білдіреді. Бүгінгі аты: Алашеһір.

ж  (6:10) Яғни бұл — Құдай Әкеге толық бағышталған қасиетті де шынайы Мәсіхтен хабар (6:10; 19:11; Мар 1:24; Жох1 5:20).

з  1:18; Әйүп 12:14; Иш 22:22.

и  Яғни Құдайдың қасына да, Оған жер бетінде қызмет етуге де жол ашатын есікті (Елш 14:27; Евр 10:19-20; Қор1 16:9; Қол 4:3).

к  Яки: Менің атымнан танбадың (2:13).

қ  2:9; Жох 8:44; Қор2 11:14-15.

л  Немесе: төзімділік танытқандығым туралы хабарды сақтап.

м  (Дан 12:1; Мат 24:4-28; Мар 13:19; Жох 17:15; Сал2 2:1-12) Немесе: сынақ кезінен сақтаймын.

н  2:10.

о  (1:11) Ежелгі Фрүгия аймағының ең бай қаласы өзінің банктері, мата өндірісі және дәрігерлік орталығымен танымал еді. Қазіргі аты — Памуккале.

ө  Демек, «Шынайы», «Адал».

п  Немесе: Жаратылысының Бастауы (1:5; Қол 1:15-18; Қор2 1:20; Мат 11:27; 28:18).

р  2:5; Ерм 14:19; Жох 15:6; Евр 10:38.

с  Пет1 1:7.

т  3:4; 10:15; 19:8; Иш 61:10.

у  Сол заманғы тақтар жантайып отыруға ыңғайлы, кең төсек-орын сияқты болатын.