Аян  20
Мәсіхтің жер бетіндегі мыңжылдық Патшалығы
1
Бұдан кейін мен көктен түсіп келе жатқан, қолында түпсіз тұңғиықтың кілті мен ауыр шынжыр ұстаған бір періштені көрдім.
2
Ол айдаһарды ұстап алып, оны мың жылға
а
шынжырлап тастады. Айдаһар — сол ежелгі жылан;
ә
ол ібіліс және әзәзіл шайтан
б
деп те аталады.
3
Әзәзілдің бұдан былай, мың жыл өткенше, халықтарды алдай алмауы үшін, періште оны түпсіз тұңғиыққа лақтырып жіберіп, есігін кілттеп, мөрмен бекітті. Ал осы кезең өткеннен кейін әзәзіл шайтан біраз уақытқа босатылуға тиіс.
в
4
Енді мен бірнеше тақтарды көрдім. Олардың үстінде отырғандарға адамзатты соттап, үкім кесу билігі берілген еді. Сонда мен Исаға адал болып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялағандары үшін шейіт болғандардың
г
жандарын да көрдім. Бұлар не айуан мен оның мүсініне табынған да жоқ, не айуанның таңбасын маңдайлары мен қолдарына қабылдаған да жоқ. Олар қайта тіріліп, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрды.
ғ
5
Бұл — «алғашқы қайта тірілу». Ал өлгендердің қалғандары мың жыл өтіп кеткенше тірілген жоқ.
д
6
Алғашқы қайта тірілуге қатысқан әркім бақытты да қасиетті!
е
Мұндайларға «екінші өлім»
ж
билігін жүргізбейді. Керісінше, олар Құдайдың және Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрмақ.
Шайтанның біржола күйреуі
7-9
Ал мың жыл өткеннен кейін әзәзіл шайтан зынданынан босатылады. Ол дүниенің төрт бұрышындағы халықтарға — Гог пен Магогқа
з
барып, оларды алдап, шайқасқа жинауға ұмтылады. Олар теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп болады. Сонда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген осы тобыр Құдай халқының ордасы — Оның сүйікті қаласын қоршап алады. Алайда көктен от-жалын түсіп, жауды жалмап қояды.
10
Бұларды еліктіріп алдаған әзәзіл шайтан күкіртпен жанып тұрған отты көлге (яғни тозақ отына) тасталады; бұрын сол жерге айуан мен жалған пайғамбар да лақтырылған еді. Олар сонда күні-түні мәңгілік азап шегетін болады.
Қиямет соты
11
Бұдан кейін мен бір үлкен ақ түсті тақты және оның үстінде Отырғанды
и
көрдім. Оның қасынан жер мен көк қашып, оларға орын табылмады.
12
Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді.
13
Теңізде қаза тапқандар да, жалпы, ажалға ұшырап, о дүниеге аттанғандардың бәрі де қайта тірілді.
к
Олар өздерінің іс-әрекеттері бойынша сотталды.
14
Бұдан кейін ажал мен о дүние тозақ отына
қ
лақтырылды. Тозақ оты «екінші өлім» деп те аталады.
15
Кімнің есімі «Мәңгілік өмір кітабында» жазылмаған болса, сол да тозақ отына лақтырылды.

а  Ғұламалардың бірнешеуі мұны сөзбе-сөз мың жыл деп, ал басқалары астарлы берілген өте ұзақ, алайда қаншаға созылатыны бізге белгісіз кезең деп түсінеді (Жыр 89:5; Пет2 3:8).

ә  12:9; 9:11; 13:2-4; Иш 27:1.

б  Әйүп 1:7; Пет1 5:8; Рим 16:20.

в  Бұл жердегі «тиіс» сөзі мұның Құдайдың еркі екенін білдіріп тұр.

г  Немесе: Исаның ашық білдірген шынайы хабарын және Құдай сөзін уағыздағандары үшін басы шабылғандардың (6:9; Мар 6:27; Евр. 11:35-38).

ғ  5:9-10; Тім2 2:12.

д  Флп 3:11; Сал1 4:16.

е  Немесе: бақытты, ол — Құдайға бағышталған адам.

ж  2:11; 20:14.

з  Гог, Магог: яһудилер арасында бұл аттар Құдайға қарсы шыққан елдер мен олардың әкімдерінің атаулары болатын (Езк 38:2).

и  Яғни Хақ Тағаланы.

к  Немесе: Сонда теңіз де өзіндегі өлілерді тапсырды, өлім мен о дүние де өздеріндегі өлілерді шығарып берді (Жохан. 5:28-29).

қ  Яки: отты көлге (20:10).