Аян  17
Айуанға мінген опасыз әйел
1
Жеті тостағаны бар жеті періштенің бірі қасыма келіп, маған былай деді:
— Жүр, мен саған көптеген сулардың үстінде отырған «аты шулы опасыз әйелдің»
а
сотталып, жазалануын көрсетейін.
2
Жер бетіндегі патшалар
ә
онымен азғындыққа түсті. Күнәкар дүниенің тұрғындары «опасыз әйелдің шарабынан» мас болып, оның азғындығына мүлдем берілді.
3
Сонда мен киелі Рухқа ерекше бөленіп, періште мені айдалаға апарды.
б
Сол жерде бір ал қызыл айуанның
в
үстінде отырған әйелді көрдім. Айуанның жеті басы мен он мүйізі болды. Оның тұла бойында Құдайды қорлайтын атаулары жазылған екен.
4
Әйел алтынмен, қымбат тастар және інжу-маржанмен әшекейленген, қою күлгін және ал қызыл түсті киім киіпті. Ол қолына өзінің жексұрын, былғаныш қылықтарын бейнелейтін нәрселерге толы алтын тостаған ұстап отырды.
5
Ал маңдайында «Құпия: ұлы Бабыл, әлемдегі барлық опасыздық пен жексұрындық жасайтындардың анасы» деген атағы жазулы тұрды.
6
Мен әйелдің Құдай халқының қанынан мас болғанын көрдім. Ол Исаға адал болып қалғандықтан шейіт болғандардың төгілген қанын ішкен еді. Әйелді көргенде қатты таңғалдым.
7
Періште:
— Сен неге таңғалдың? — деп сұрады. — Саған әйелдің және оны көтеріп жүрген жеті басты, он мүйізді айуанның құпия мәнін айтып берейін:
8
сен көрген айуан бір рет өмір сүрді. Ол қазір өмір сүрмесе де, түпсіз тұңғиықтан
г
шықпақшы. Ал кейін ол құртылып кетпек. Күнәкар дүниенің тұрғындары, яғни әлемнің жаратылған кезінен-ақ «Мәңгілік өмір кітабына»
ғ
есімдері жазылмаған адамдар, айуанға қарайды. Олар оның бір рет өмір сүріп, қазір өмір сүрмей, ал кейін қайтадан пайда болатынына
д
таңғалады.
9
Бұл дана ой-сананы қажет етеді. Жеті бас әйел отырған жеті төбені бейнелейді. Олар, сондай-ақ, жеті патшаны да астарлап білдіреді.
10
Солардың бесеуі тақтан құлаған, тағы біреуі қазір билік құрып отыр, ал соңғысы әлі келген жоқ. Ол келгенде азғана уақыт билік құратын болады.
11
Бір кезде өмір сүрген, ал қазір өмір сүрмейтін айуанның өзі — сегізінші патша. Ол да әлгі жетеудің сапында болып, құрып кетпек.
12
Сен көрген он мүйіз әлі билік құрмаған он патшаны білдіреді. Оларға айуанмен бірге қысқа уақытқа
е
патшалық билік берілмек.
13
Осы онның мақсаты біреу-ақ: олар өздерінің күш-қуаты мен билігін айуанға аманаттап,
14
Тоқтыға қарсы соғысқа шығады. Бірақ Тоқты оларды жеңіп шығады. Себебі Ол — «иелердің Иесі, патшалардың Патшасы»! Ал қасындағылар — Оның шақырылып, таңдалған, адал ізбасарлары.
15
Періште маған тағы да тіл қатып былай деді:
— Сен опасыз әйел үстінде отырған суларды көрдің. Бұлар ұлттар мен халықтарды, тайпалар мен тілдерді белгілейді.
16
Сен көрген он мүйіз де, айуан да опасыз әйелді жек көреді. Сондықтан олар оны елсіз-күйсіз, тыр жалаңаш қалдырып, талан-таражға салады, оның тәнін жалмап, қалдықтарын өртеп тып-типыл етпек.
17
Себебі Құдай олардың жүректеріне әсер етіп, өз мақсатын орындатады: оларға өзара келісіп, Құдайдың айтқандары іске асқанға дейін өз биліктерін айуанға аманаттау тілегін дарытты.
18
Сен көрген әйел күнәкар дүниедегі патшаларға үстемдік жүргізетін ұлы Бабыл қаласын бейнелейді.

а  17:4-5,15-16,18; 19:2; Түсіндірмедегі «Бабыл қаласын» да қараңыз.

ә  Яғни күнәкар дүниенің билеушілері.

б  Немесе: періште рухымды (яки мені рухымда) айдалаға апарды (1:10; 4:2; 21:10).

в  Яғни теңізден шыққан (алғашқы) айуан (13:1-4), «Мәсіхке қарсы тұрушы» (Жох1 2:18).

г  9:1.

ғ  13:8; 20:12.

д  13:1-4,11-12.

е  Немесе: бір-ақ сағатқа.