Аян  15
Құдайдың қаһарына толы жеті тостаған
1
Аспаннан тағы басқа бір таңғаларлық үлкен әрі керемет көріністі көрдім: (Құдайға қарсы шыққандарды) ең соңғы жеті пәлеге ұшырататын жеті періште тұрды. Құдайдың қаһары осы пәлелермен толықтай жүзеге аспақ.
2
Мұнан кейін мен отпен араласқан, шыны теңіз іспетті жарқыраған алаңды
а
көрдім. Оның жағалауында не айуанның мүсініне табынбаған, не оның есімінің санын бейнелейтін таңбаны
ә
қабылдамаған, осылайша айуанды жеңіп шыққан адамдар тұр екен. Бәрі қолдарына Құдайды мадақтайтын жетігендерін ұстапты.
б
3
Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын
в
және Тоқты жөніндегі жырды
г
айтып тұрды:


«Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі,
Сенің істерің керемет те ұлы!
О, халықтардың мәңгілік Патшасы,
ғ
Сенің жолдарың әділ де шынайы!
д
4
Уа, Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас,
Есіміңнің ұлылығын кім даңқтамас?
е
Сен ғана толықтай қасиеттісің!
Бар ұлттар келмек алдыңа Өзіңнің,
Бас ұрып мақтайды даңқыңды Сенің,
Себебі ашылды әділ үкімдерің!»


5
Бұдан кейін қарасам, көктегі киелі үйдің, яғни Келісім шатырының, ашылып жатқанын көрдім.
ж
6
Жарқыраған аппақ бәтестен киім киіп, кеуделеріне алтын аспа бау таққан жеті періште киелі үйден шықты. Жеті пәленің билігі соларда еді.
з
7
Құдай тағының қасындағы төрт нөкердің біреуі осы жеті періштеге жеті тостағанды берді. Тостағандар мәңгілік жасайтын Құдайдың қаһарына толы еді.
и
8
Содан киелі үй Құдайдың хош иісті түтіндей таралатын салтанатты ұлылығы мен құдіретіне кенелді. Жеті періште тостағандарынан төгетін жеті пәле аяқталғанша, ешкім де киелі үйге кіре алмады.
к

а  4:6; 21:18,22.

ә  13:16-18; 14:1,4-5,12-13.

б  Яки: Олар қолдарына Құдай сыйлаған (жетіген не домбыра тәрізді) ішек аспаптарын ұстапты (14:2; Жыр 150:1-3).

в  Мыс 15:1-18.

г  Немесе: Тоқтының жырын (Жыр 21:23-32; 5:9-14; Флп 2:9-11).

ғ  Немесе: Өзіңе бағышталған (қасиетті) адамдардың Патшасы (5:8).

д  Яки: әділ де дұрыс.

е  Яки: кім Сені терең қастерлемес? Атыңның ұлылығын жариялаудан кім бас тартпақ?

ж  (7:15; 11:19) Осы аят ежелгі Келісім шатырына да меңзейді (Мыс 40:1-2,34-35; 25:21-22; Рул 1:53).

з  15:1.

и  14:10; 15:1.

к  Мыс 40:34; Пат3 8:10-12.