Аян  10
Жоханның пайғамбарлық қызметін жалғастыра алуы үшін күшейтілуі
1
Мұнан кейін көктен түсіп келе жатқан басқа бір күшті періштені көрдім. Ол бұлтқа оранған еді, ал басының үстінде кемпірқосағы бар болатын. Беті күндей жарқырап, ал аяқтары от бағанасына
а
ұқсады.
2
Періште қолына жазуы бар, ашылған кітапшаны
ә
ұстап тұрды. Содан ол оң аяғын теңіз бетіне, сол аяғын құрлық үстіне қойып,
3
арыстанның ақырғанындай қатты айқайлады. Ол айқайлағанда, (Құдайдың тағындағы) жеті күн күркірі
б
үн қатып сөйледі.
4
Олар сөйлеп жатқанда, мен айтқандарын жазып алмақшы болдым. Алайда көктен маған: «Жеті күн күркірінің айтқандарын жазба. Оларды жауып тастап, мөр басып бекіткендей құпия сақта!» — деген дауысты естідім.
5
Содан кейін мен бір аяғымен теңізде, бір аяғымен құрлықта тұрғанын көрген періште
в
оң қолын көкке қарай көтерді.
г
6
Ол аспан мен жерді, теңізді және олардағы барлық нәрселерді жаратқан, мәңгі тірі Тәңір Иенің атымен ант беріп, былай деді: «Енді еш кешеуілсіз,
7
жетінші періште кернейін тартып, белгі берген кезде Құдайдың құпия жоспары жүзеге асады! Бұл Оның өз қызметшілері — пайғамбарларына алдын ала хабарлағанындай болмақ».
8
Мен бұрын көктен естіген дауыс
ғ
маған қайтадан тіл қатып: «Барып, теңіз бен құрлықта тұрған періштенің оң қолындағы ашылған кітапшаны ал»,
д
— деді.
9
Сонда мен періштеге барып, одан кітапшасын беруін өтіндім. Ол маған: «Ал да, жеп қой. Ол қарныңа барғанда ащы, ал аузыңда балдай тәтті болады»,
е
— деді.
10
Мен періштенің қолынан кітапшаны алып, жеп қойдым. Аузымда ол маған балдай тәтті болса, жұтқаннан кейін ішімді қуырды.
ж
11
Мұнан соң маған: «Сен тағы да Құдайдың көптеген халықтар, ұлттар, тілдер және патшалар туралы хабарын жариялауға тиіссің», — деген тапсырма берілді.

а  1:15-тегі Мәсіхтің көрінісіне де назар аударыңыз. Осындай от бағанасы Құдайдың өз халқына жар болып, жауларына қарсы шығатынын білдірді (Мыс 13:21-22; 14:19-24; 40:36-38).

ә  Яғни шағын шиыршық кітапты (5:1).

б  4:5.

в  10:2.

г  Жар 14:22; Заң 32:40.

ғ  10:4.

д  10:2.

е  10:10; Ерм 15:16; Езк 2:8; 3:1-3,14; Қол 3:6.

ж  Құдайдың хабары оған мойынсұнып, құтқарылғандар үшін тәтті, ал басқалар үшін Оның қаһарын білдіргендіктен ащы.