Аян  1
Тақырып, арнау және сәлем
1
Бұл — Иса Мәсіхтің көрініп, Құдайдың құпия жоспарын ашып, аян бергені туралы жазба. Құдай жақын арада болуға тиісті оқиғаларды өз қызметшілеріне көрсету үшін осы аянды Иса Мәсіхке тапсырды. Ол соларды қызметшісі Жоханға періштесін жіберіп білдірді.
2
Ал Жохан көргендерінің бәрін: Құдайдың хабарын және Иса Мәсіхтің аян еткендерін баяндап берді.
3
Осы пайғамбарлық хабардың сөздерін оқып беретіндер де, оларды тыңдап, жазылғандарды ұстанатындар да бақытты!
а
Себебі бұлардың іске асатын уақыты таяп қалды.
4
Жоханнан Азия аймағындағы
ә
жеті қауымға дұғай сәлем: әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін (Құдай Ие), Оның тағының алдындағы жеті Рухы
б
5
және шынайы хабарды адал жеткізген
в
Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы,
г
әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі.
Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты,
6
һәм бізді өз Құдайы және Әкесіне бағышталған қызметкерлердің патшалығы қылды.
ғ
Оның салтанатты ұлылығы мен құдіреті мәңгілік бола бермек! Аумин.


7
Біліп алыңдар, Мәсіх бұлттармен қайтып келеді!
Әркім де, Оны түйрегендер де Мәсіхті көзімен көреді,
Жер бетіндегі барлық рулар үрейленеді,
Ол туралы қайғырып, жылап еңірейді.
д
Иә, ол солай болады да! Аумин.


8
Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді.
е
Мәсіхтің нұрлы салтанатпен көрінуі
9
Мен, Жохан, сендердің бауырластарыңмын және Иса Мәсіхке бола азап шегіп, Оның Патшалығына қызмет етіп, қайта оралуын төзімділікпен күтудегі серіктестеріңмін. Құдайдың сөзін және Иса Мәсіхтің шынайы хабарын
ж
уағыздағаным үшін Патмос аралында
з
тұрдым.
10
Иемізге бағышталған жексенбі күні
и
мен Киелі Рухқа ерекше бөленіп,
к
арт жағымнан керней үні сияқты қатты дауыс естідім.
11
Сол дауыс былай деді: «Көргендеріңді шиыршық кітапқа
қ
жазып, мына жеті қаладағы сенушілер қауымдарына салып жібер: Ефес, Ізмір, Перғам, Тиятир, Сард, Філаделфи және Лаудіки».
л
12
Мен кімнің сөйлеп тұрғанын көру үшін жалт бұрылдым. Бұрылып қарағанда жеті алтын шам қойғышты
м
көрдім.
13
Олардың арасында адам баласына ұқсас Біреу
н
тұр екен. Ол етегі аяғына дейін жететін ұзын шапан
о
киіп, кеудесіне алтын аспа бау таққан еді.
14
Оның басындағы шашы ақ мамықтай
ө
әрі қардай аппақ, ал көздері оттай жалындап жатты.
п
15
Аяқтары пеште балқыған қоладай жалтырап, даусы сарқырап аққан судың гүріліндей естілді.
16
Оның оң қолында ұстаған жеті жұлдызы бар екен. Аузынан екі жүзі де өткір семсер
р
шығып, беті тал түстегі күндей нұрын төгіп тұрды.
17
Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын
с
18
әрі Мәңгі Тірімін. Мен өлген едім, ал енді мәңгілік өмір сүремін.
т
Өлімнің де, о дүниенің де кілттері Менде.
у
19
Көргендеріңді, қазіргі барды және одан кейін болатындарды жазып қой!
20
Сен Менің оң қолымнан көріп тұрған жеті жұлдыздың және жеті алтын шам қойғыштың құпия мағынасы мынау: жеті жұлдыз — жеті қауымның періштелерін, ал жеті шам қойғыш — жеті қауымды білдіреді.
ұ

а  Яки: жазылғандарды ұстанатындарды Құдай жарылқайды.

ә  Бүгінгі Түркияның батысындағы Ізмір қаласының маңында орналасқан көне Рим империясының аймағы.

б  Демек, Оның жеті жақты (яғни мүлтіксіз де кемел) Киелі Рухы (3:1; Зәк 4:2,10; «жеті» саны жайлы «Аян» жазбасы туралы мәліметті қараңыз).

в  Немесе: адал куәгер. (Яғни сөзі, ісі және құрбандық өлімі арқылы шынайы хабарды паш еткен: 3:14; Жох 18:37.)

г  Немесе: Тұңғышы; яки: Билеушісі (Қол 1:18).

ғ  5:10; 20:6; Пет1 2:5.

д  Мат 24:30; Лұқ 21:27; Жох 19:34-37; Зәк 12:10.

е  Немесе: Бар, болған және келетін — құдіреті шексіз Құдай Ие: «Альфа да Омега, (Басы да Аяғы) Менмін!» — дейді. (Альфа — грек әліпбиінің алғашқы, омега — соңғы әрпі.)

ж  Немесе: Иса Мәсіхтің куәлігін (1:5).

з  Қазіргі Батыс Түркияның теңіз жағалауына алпыс шақырымдай аралықта орналасқан шағын арал.

и  Немесе: Иеміздің күні (Иеміз Иса жексенбі күні өлімнен тірілгендіктен (Жох 20:1,14-19) сенушілер қауымдары сол күні жиналатын: Елш 20:7; Қор1 16:7).

к  4:2; 17:3; 21:10; Елш 10:10.

қ  5:1.

л  Осы жеті қала (қазіргі батыс Түркияда болған) ежелгі Азия аймағында орналасқан еді.

м  Яки: жеті алтын шырағданды (яғни шамдалды: 1:20; Мыс 25:31; Шеж2 4:7,20).

н  Даниял пайғамбар Мәсіхті «адам баласы іспетті» Билеуші ретінде аянында көрген болатын (Дан 7:13-14; Түсіндірмедегі «Көктен келген Билеушіні» де қараңыз).

о  Сондай ұзын шапанды (яки: көйлекті) Құдай халқының ежелгі бас діни қызметкерлері мен патшалары да киетін.

ө  Немесе: басы мен шашы аппақ жүндей. (Ақ шашы Мәсіхтің даналығы мен қадірлілігін бейнелейді: Дан 7:9).

п  Мәсіхтің от шашқан көздері назарының өткірлігін білдіреді, яғни Ол көрмей қалатын еш нәрсе жоқ (2:18; 19:12; 4:6).

р  Мәсіхтің семсері Оның адамзатты соттап, үкімін шығаратынын білдіреді (2:12,16; Евр 4:12).

с  2:8; 22:13; Иш 41:4; 44:6; 48:18.

т  2:8; Рим 6:9.

у  3:7; Әйүп 12:14; 17:16; 38:17.

ұ  (1:16; 2:1; 3:1; 1:12; Мыс 25:37) Немесе: жеті жұлдыз — (жеті қауымға жіберілген) жеті хабаршыны, ал жеті шам қойғыш (яки шырағдан) — жеті қауымды бейнелейді.