Забур жырлары 99
Алғыс жыры
1
(Халық Құдайға шүкірлік еткенде айтылатын жыр.)
Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап,
2
Иемізге қызмет етіңдер шаттанып,
Келіңдер алдына қуана әндетіп,
3
Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп:
Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз,
Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз».
4
Құдайдың ғибадатханасына барып,
Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп,
Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп,
Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!
5
Себебі Жаратқан Ие мейірімді,
Ол мәңгілік шапағатын тигізеді.
Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізге
Шексіз сенімділігін көрсете береді.