Забур жырлары  97
Әлемге билік айтатын Құдайды мадақтаңдар!
1
Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді,
Өйткені Ол кереметтер істеді,
Киелі құдіретімен жеңіп шықты.
2
Жаратқан Ие жеңісін
а
аян етті,
Әділдігін
ә
де халықтарға көрсетті,
3
Ол Исраилге деген мейірімін де,
Сенімділігін де сақтайды есінде.
Құдайымыздың құтқаруын
б
көрді
Жер бетінің түкпірлеріндегілер де.


4
Бүкіл жер жүзі, шаттанып айқайлаңдар,
Жаратқанға қуана ән-жыр айтыңдар,
5
Домбыра шертіп, әдемі ән салыңдар,
Жетігенмен де Иемізге күй тартыңдар,
6
Сырнай, кернейдің үнімен дауыстаңдар,
Патшамыз — Жаратқан алдында шаттаныңдар!


7
Теңіз де өзін мекендейтіндерімен,
Әлем де сонда тұратындарымен
Шаттана шуласып Оны мадақтасын!
8
Өзендер қуана қол шапалақтасын,
Таулар да бірігіп шаттана ән салсын
9
Жаратқан Иеміздің көз алдында!
Ол жерге келеді үкім шығаруға,
Әлемге әділ билік айтуға,
Нағыз шындықпен күллі ұлттарға.

а  Яки: құтқаруын.

ә  Яғни Өзінің берген уәделерін адалдықпен орындағанын.

б  Яки: жеңісін.