Забур жырлары  94
Жаратқан Иені дәріптеп, Оған мойынсұнуға шақыру
1
Келіңдер, Жаратқан Иеге арнап
Әндетейік қуана-қуана жырлап,
Жартастай мықты Құтқарушымызға
Сиына берейік қатты дауыстап!
2
Бәріміз Иеміздің алдына барып,
Ризашылығымызды білдірейік,
Ән-күймен де Оған мақтау айтып,
Даңқын Оның асыра берейік!


3
Себебі Жаратқан Ие — ұлы Құдай дағы
Һәм ұлы Патша — бар «тәңір, пірден»
а
тым жоғары!
4
Бәрі Оның қолында: жердің тұңғиықтары,
Әрі меншігі Оның — зәулім тау шыңдары,
5
Теңіз де Иеміздікі — Өзі соны жаратқан,
Құрлықтың барлығы да Оның қолынан шыққан!


6
Келіңдер, тағзым етейік Иемізге иіліп,
Жаратушымыздың алдында тіземізді бүгіп!
7
Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз,
Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымыз
Әрі қамқорындағы отары сияқтымыз.
ә


Бүгін сендер Оның даусын естігенде,
8
Мерібада істегендерің секілді
Қасарыстырмаңдар жүректеріңді:
Ежелде айдалада жүрген кезде
Масадағы
б
бас көтергендерің іспетті
Қайтадан солай істемеңдер енді!
9
Сендердің ата-бабаларың сол жерде
Көріп жүрсе де керемет істерімді,
Еркінсіп сынай берді төзімімді.


10
Бұл ұрпаққа қырық жыл ашуландым,
Сонымен былай деп қорыттым:
Жүрек қалаулары теріс бағыттағы
Осы халық тағылымымды
в
қабылдамады!
11
Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:
«Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған
Елге кірмейді олар енді ешқашан!»

а  Немесе: бар жалған «тәңірлерден» (яки: тәңірсымақтардан) үстем Патша (Иш 44:10-20; 46:5-8; Ерм 10:11,14:15).

ә  77:13.

б  Меріба деген жер атының мағынасы — «Ұрсу, бас көтеру», ал Масанікі — «Еркінсіп сынау» (Мыс 17:7).

в  Яки: Менің тәлімімді. Немесе: Менің оларды жүргізбек жолдарымды.