Забур жырлары  92
Ұлы Патшаның мәңгілік билігі
1
Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,
Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.
а
Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем,
2
Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген,
Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.


3
О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді,
Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді,
4
Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі,
Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі
Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!


5
Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді,
Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті.

а  Немесе: құдіретпен белін бекем буған.