Забур жырлары  90
Алла Тағаланың панасында қауіпсіз болу
1
Алла Тағаланың панасында тұрған адам
Құдіреттінің
а
саясынан табады тыным.
2
Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:
Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,
Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым!


3
Хақ Тағала сені зұлымның тұзағынан
Әрі жойқын обадан
ә
сақтайды аман.
4
Сені Өзінің «қанатымен» жауып алады,
«Қалқан мен қамалың» — Оның адалдығы,
Осылай өмірің қауіп-қатерсіз болады.


5
Түнде сен қара түнек қорқынышынан,
Күндіз де қорықпайсың жау оғынан,
6
Сескенбейсің түнгі індет-аурудан
Һәм тал түсте басыңа төнген апаттан.
7
Қасыңда мыңдағандар қаза тапса,
Оң жағыңда он мыңдап қырылғанда,
Саған зақым жақындай алмайды да.
8
Тек болып жатқанды көріп тұрасың,
Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың.


9
Сен Жаратқанға сенім артып келесің,
Алла Тағаланы панаң етесің,
10
Басыңа енді жамандық түспейді,
Үйіңе ешбір апат та төнбейді.


11
Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді:
Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді,
12
Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін
Қолдарына көтеріп сені алып жүреді.
13
Жас арыстан мен оқжыланды
б
аяқпен таптайсың,
Үлкен арыстан мен абжыланды
в
жаншып тастайсың.


14
Себебі Жаратқан Ие былай деп айтқан:
«Өзімді сүйгенді Мен құтқарып аламын,
Өзімді мойындағанды қорғайтын боламын,
15
Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,
Азап шеккен кезінде оған жар боламын,
Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін.
16
Ғұмырын ұзақ қылып риза етемін,
Құтқаруымды оған сыйлап беремін».
г

а  Яки: Құдіреті шексіз Құдайдың (67:15; Әйүп 33:4; Езк 1:24).

ә  Яки: ажалды ауру-жарадан (індеттен).

б  Немесе: улы сұр жыланды (57:5-6; Иш 11:8).

в  Немесе: айдаһарды.

г  Немесе: Өмір бақи рухани игілікке бөлеп, құтқаруымды оған ашық көрсетемін.