Забур жырлары  9
Зұлым жаумен күрескен адамның мінажаты
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ұлдың қазасы» әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.)


2
Уа, Жаратқан, шын жүректен Сені мадақтаймын,
Жасаған кереметтеріңнің бәрін жариялаймын.
3
Ұдайы Саған қуанып шаттық ән шырқаймын,
Уа, Хақ Тағала, есіміңді Сенің жырлаймын.


4
Жауларым шегініп, кері қарай бұрылады,
Алдыңда сүрініп құлап, ойран да болады.
5
Себебі дауымда Сен мүддемді қорғадың,
Тағыңда отырып әділ шешім шығардың.
6
Халықтарды сөгіп, зұлымдарды жоқ қылдың,
Есімдерін мәңгілікке өшіріп тастадың.
7
Жау қару-жарағынан ада қалып, жойылды,
Сен қиратқан қалалары із-түзсіз жоғалды.


8
Рас, Жаратқан Ие мәңгі билік жүргізеді,
Ол өз тағын орнатып, төрелік етеді.
9
Иеміз адамзатқа әділ үкім айтады,
Халықтарға ақиқат шешім шығарады.
10
Қаналғандарға Жаратқан пана болады,
Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады,
11
Сені шын білетіндер
а
Саған сенім артады,
Ием, тастап кетпейсің Өзіңе сиынғанды.


12
Сионда тұратын Жаратқанға ән шырқаңдар,
Оның ғажап істерін бар ұлттарға айтыңдар!
13
Төгілген қанды ұмытпайтын Ол ескереді,
ә
Жәбір шеккеннің айқайына құлағын түреді.


14
Уа, Жаратқан Ие, маған рақым таныта гөр,
Жек көрген жаулардан қиналғанымды байқай гөр,
Ажалдың аранынан мені арашалай гөр.
15
Сонда қақпаларында Сион шаһарының
Өз ұлылығыңды ұдайы марапаттаймын,
Мені құтқарғаныңа қуана ән шырқаймын.


16
Басқа ұлттар қазған өз орларына құлады,
Құрған қақпандарына өздері ұсталды.
17
Ием әділ үкім айтып, Өзін ашық танытты,
Зұлымдар айлалы істерінің кесірін тартты. //
18
Жамандық жасаушылар ажалға душар болады,
Құдайды менсінбеген ұлттар соған тап болады.
19
Ал мұқтаж жан біржола ұмытылып кетпейді,
Бейшараның үміті мүлдем зая кетпейді.


20
Уа, Ием, көтерілші, пенде жеңіп шықпасын,
Халықтарға көз алдыңда үкім шығарылсын!
21
Жай пенде екендерін халықтар ұғып алсын,
Оларды дірілдетіп қорқытсаң, о, Жаратқан! //
22
б
Уа, Жаратқан Ие, неге менен алыстасың?
Басыма күн туғанда неге жасырынасың?
23
Жарлыларды паңдана қудалайды зұлымдар,
Өз айлалы істерінен ұсталсын сондайлар!


24
Арсыз жан құмарлығын тіпті мақтан етеді,
Ашкөз де дандайсып Жаратқанды менсінбейді,
25
Зұлым тәкаппарланып, Тәңірге бет бұрмайды,
Күллі ой-пікірінде «Құдай жоқ!» деп санайды.
26
Ұдайы іс-әрекеттері табыс келтіреді,
Сенің сотың тым биікте, алыс боп көрінеді.
Зұлым барлық дұшпанын келекелей береді.
27
«Шайқалта алмас мені еш нәрсе, — деп ойлайды, —
Күллі ұрпақтарыма да пәле жоламайды».


28
Аузынан шыққандар: қарғыс, өтірік, жалғандық,
Айтқандары түгелдей зорлық пен зұлымдық.
29
Аула артында тасада аңдып отырады,
Бас салып тұтқиылдан, жазықсызды құртады.
Қорғансыз жанға көз сүзіп, отырады қарап,
30
Тасадағы арыстандай тосады тығылып,
Бейшара жарлыны ұстауға жатады аңдып,
Байғұсқа бас салып, түсіреді торына тартып.
31
Шарасыз бейбақ жеңіліп, жерге құлап түседі,
в
Жауының мықты тырнақтарына ілігеді.
32
Зұлым жан: «Құдай ұмытып кетті, — деп ойлайды, —
Ол көзін жұмып, ешқашан назар аудармайды».
г


33
Уа, Жаратқан Ие, орныңнан көтеріле гөр,
Құдайым, қол созып, қаналғанды ескере гөр!
34
Зұлымдар неліктен Құдайды қорлай алады?!
«Жауапқа тартпайды» деп неге ойлай алады?!
35
Ал көрсеткен жәбірлерін Сен байқап келесің,
Зорлықтарын бақылап, жазаларын бересің.
Кедей Саған сенеді, жетімге де тірексің.
36
Сол сұрқия зұлымдардың қолдарын сындыршы,
Сұмдық істерін тексеріп, із-түзсіз жоқ қылшы!


37
Жаратқан Ие мәңгі бақи Патша болады,
Бойсұнбайтын ұлттар
ғ
Оның елінен жоғалады.
38
Назар аударасың күшсіздердің аңсауына,
Уа, Ием, құлақ салып, жігер бересің оларға,
39
Жетім мен қиналған жанның мүддесін қорғауға,
Сұм пенденің
д
оларды қайтып қорқытпауына!

а  Яки: Есіміңді (яғни Өзіңді) жақыннан танып білетіндер.

ә  Яки: Төгілген қан туралы жауап алатын Жаратқан Ие бар жайттарды ескереді.

б  9:22-39 аяттары бірнеше шетелдік аудармаларда 10:1-18 болып белгіленген.

в  Немесе: Ол бүгіліп, жерге жата кетеді.

г  Соф 1:12; Езк 8:12; 9:9.

ғ  Яки: Жалған тәңірлерге сиынушы ұлттар.

д  Яки: Осы (күнәкар) дүниелік адамның.