Забур жырлары  89
Бесінші жазба
Мәңгілік Құдай және өткінші пенде
1
(Құдайдың адамы Мұсаның мінажаты.)


2
Уа, Ием, атам заманнан бері
а
Өзің
Баспанамыз біздің болып келесің.
3
Жаратылмай-ақ жер мен бүкіл әлем,
Таулар жаратылмас бұрын бар боп келген,
Мәңгі тірі болатын Құдайсың Сен!


4
«Қайт, адам баласы!» деп қана айтсаң,
Пендені топыраққа айналдырасың.
ә
5
Ал бір мыңжылдық Сенің көз алдыңда
Өте шыққан күн тәрізді қып-қысқа,
Иә, түнгі күзеттей шектеулі ғана.
6
Сен лезде-ақ алып кетесің пендені,
Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді,
Яки далада өскен шөп тәрізді:
Таң ата шықса да көгеріп,
Кешке қарай қурап қалады семіп.


7
Осылай біз жоқ боламыз ашуыңнан,
Зәреміз ұшады Сенің қаһарыңнан.
8
Сен күнәларымызды қойдың алдыңа,
Нұрыңда айқын құпияларымыз да.
9
Өмір бойы бізге қаһарың төнеді,
Жылдарымыз күрсінумен бітеді.
б
10
Ғұмырымыз жетпіс жасқа созылар,
Күш-қуат жетсе, мүмкін, сексен болар,
Жақсы кезде де шегеміз бейнет-азап,
Ақыры ғайып боламыз, ғұмыр зырлап.


11
Қаһарыңның күшін кім түсінеді?
Соған сай қастерлеу қажет Өзіңді.
12
Үйрете гөр ғұмырды есептеуді,
Содан иемденейік дана жүректі.


13
Қашан райыңнан қайтасың, уа, Иеміз?
Пенделеріңе шапағат тигізе гөр,
14
Ертеңгісін бізді рақымыңа кенелте бер,
в
Содан әндетіп шаттанайық күллі күндер.
15
Өткерген ауыр күндерімізге сәйкес,
О, Тәңір, бізді шаттыққа кенелте гөр.
Азап шеккен көп жылдарымызға сәйкес,
Бұдан былай қуанышқа бөлей гөр.
16
Лайым пенделеріңе, уа, Иеміз,
Керемет істеріңді көрсете гөр,
Біздің ұрпақтарымызға да әр кез
Шексіз ұлылығыңды паш ете гөр.


17
Құдай Иеміз бізге риза бола көрсін,
Қолға алған ісімізді оңғара көрсін.
Я, Құдай, ісімізді жарылқай гөр.

а  Яки: Уа, Қожайыным, ұрпақтан ұрпаққа.

ә  Жар 2:7; 3:19.

б  Немесе: Жылдарымыз бір ыңқыл іспетті тез өте шығады.

в  Немесе: бізді берік мейіріміңмен қанағаттандыра гөр.