Забур жырлары 86
Құдайдың таңдаған қаласын қамқорлауы
1
(Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.)
2
Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда,
Сионның қақпалары ұнамдырақ Жаратқанға
Жақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.
3
Уа, Құдайдың қаласы, сен жайында
Керемет жақсы жайттар айтылуда. //
4
Өзімді танып білетіндер арасынан
Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын,
Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын:
«Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын.
5
Жұрт былай демек Сион қаласы жайында:
«Осындай да осындай ер туған мұнда,
Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
6
Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды:
«Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады. //
7
Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде:
«Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».