Забур жырлары  8
Адамға салтанат сыйлаған Жаратқан Иені мадақтау
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің
а
сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)


2
Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,
Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің
Сондай айбынды да даңқты есімің!


Көктен биік мерейіңді өсірдің.
3
Балалардың, кішкене бөбектердің
Аузымен Өзіңді дәріптетесің.
ә
Дұшпандарыңа бола солай істейсің,
Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің.


4
Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа,
Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға
Назар аударған әрбір уақытымда
Мынадай сұрақтар туады ойымда:
5
Өзің ескеретіндей адам сонша кім,
Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
6
Оны көктегілерден
б
сәл төмен қойдың,
Құрмет, салтанатты оған тәждей сыйладың.


7
Сен адам баласын билеуші еттің
Қолыңнан шыққан бар жаратылысқа.
Бәрін де оған бағындырып бердің:
в
8
Бүкіл ірілі-ұсақты малдарды да,
Даладағы жабайы аңдарды да,
9
Самсаған құс пен судағы балықты,
Теңіз ағыстарымен жүзгендерді
Табыстадың Сен оның қол астына.


10
Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,
Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің
Сондай айбынды да даңқты есімің!

а  Яки: ішекті аспаптың.

ә  Немесе: Өзіңнің құдіретіңді дәріптетесің.

б  Яки: періштелерден. Немесе: Құдайдан.

в  Немесе: оған аяқ асты қылып бердің (Жар 1:28).