Забур жырлары  75
Жеңімпаз Құдайға арналған мадақтау
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын Асафтың әні әрі жыры.)


2
Құдай танымал Яһуда елінде,
Оның аты қастерлі Исраилде,
3
Тұрағы Оның Иерусалимде,
Киелі үйі Сион төбесінде.
4
Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін,
Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін.//


5
Уа, Құдай, аңға толы таулардан гөрі
Сен салтанаттысың әрі құдіретті.
а
6
Тоналды батыл жүректі ер адамдар,
Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар,
Қол көтере алмайды бізге қарсы олар.
7
Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,
Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,
Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:
Соғыс күймелері және аттары.


8
Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңда
Кім тұра алар еді Сенің алдыңда?
9-10
Жердегі бейшара жандарды құтқаруға
Сен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда,
Көктен үкім шығардың күнәкарларға,
Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.//
11
Пенденің ашуымен де даңқталасың,
Оның қалған ашуын Өзің басасың.


12
Ей, айбатты Құдайдың
ә
маңындағылар,
Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар,
Әрі соларыңды мұқият орындаңдар,
Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!
13
Ол әміршілердің батылдығын жояды,
Жер патшаларының үрейін ұшырады.

а  Немесе: Ежелден болып келген таулардан гөрі Сен құдіреттісің әрі нұрлы салтанатқа бөленгенсің (4:7; 17:13,15; 103:2; Мыс 13:21; 19:16; 20:18).

ә  Яки: Үрейлі (әрі терең қастерленуге лайық) Құдайларың — Жаратқан Иенің.