Забур жырлары 69
Дұшпандардан құтқаруды сұрап Құдайға сиыну
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, басына түскен жағдайын Құдайдың есіне салған Дәуіттің жыры.)
2
Уа, Құдай, мені құтқаруға асыға гөр,
О, Жаратқан, тездетіп көмекке келе гөр!
3
Жанымды алмақ болған күллі жауларым
Таңдана абыржып, масқаралансын,
Маған пәле тілеген бар дұшпандарым
Ұятқа қалып, кері қайтарылсын!
4
«Өзіңе де сол керек!» деп табалаған
Олар қарабет боп безіп кетсін сондықтан.
5
Бірақ бет бұрып сиынғандар Саған
Өзіңе қуана берсін шат-шадыман,
Лайым құтқаруыңды ұнатқан әркім:
«Құдайым даңқты!» деп Сені дәріптесін!
6
Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін,
Я, Құдай, маған тездетіп келе гөр!
Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің,
О, Жаратқан Ием, кешікпей жете гөр!