Забур жырлары  60
Құдайдың қорғауын сұраған мінажат
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)


2
Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр,
Мінажатыма менің ден қоя гөр.
3
Сары уайымға салынды жан дүнием,
Өзіңе сиынамын жердің шетінен,
Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.
4
Себебі бас сауғалар панам болып келесің,
Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің.


5
Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы,
«Қанатыңның астынан» тыным табайыншы,
а
6
Өйткені берген анттарымды Сен естідің,
Өзіңді қастерлейтіндермен бірге үлес бердің.
ә


7
Патшаның ғұмыр жасын ұзарта гөр,
Ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра гөр,
8
Уа, Құдай, алдыңда ол мәңгі билік құрсын,
Лайым рақым мен шындығың оны қорғасын.


9
Сенің атыңды әрдайым мадақтаймын,
Берген анттарымды күнде орындаймын.

а  62:8.

ә  Яғни Сені қастерлейтін халқыңның арасында тұруым үшін (еліңдегі) жер үлесімді белгілеп бердің.