Забур жырлары  59
Жаулардың қыспағынан құтқаруды өтінген дұға
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Келісім қызғалдағы» әуенімен айтылатын Дәуіттің насихат мінажаты.
2
Ол Дәуіттің Батыс Месопотамияның әрі Собаның арамалықтарымен шайқасып жүрген кезінде Жоғаб қайта оралып, он екі мың едомдықты Тұзды аңғарда күйреткен оқиғаға
а
арналған.)


3
О, Құдай, Сен бізден бас тарттың,
Қаһарланып бізді талқандадың,
Бізге бұра гөр бетіңді қайтадан.
4
Сен жерді сілкілеп, қиратқан едің,
Ол шайқалып тұр, жазшы жарылған жерлерін.
5
Өз халқыңның басына пәле түсірдің,
Теңселтетін «шараптан» оған ішкіздің.
ә


6
Сен Өзіңді қастерлейтіндерге ту бердің,
Олар соны көтерсін деп шындық үшін.
б
//
7
Сүйіктілерің лайым аман сақталсын
Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын!


8
Құдай былай деді киелі мекенінен:
«Мен шаттанып Сихемнің жерін
в
бөліп беремін,
Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.
г
9
Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,
Ефрем руы болады басты қорғаным,
Яһуда руынан шығады патшаларым.
ғ
10
Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады,
Едом жері де меншігіме айналады,
д
Філістір елі де бой ұрып Маған қуанады».


11
Кім мені қамалды қалаға кіргізеді?
Кім Едом елінің ішіне енгізеді?
12
Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан,
Әскерімізбен бірге шабуылға шықпаған?
13
Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы,
Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны.


14
Зор істер істейміз Құдай жар болғанда,
Жауларымызды таптайды Ол аяғына.

а  Пат2 8:3-5,13.

ә  Яғни өз халқыңа қиыншылықтар көрсеттің, қаһарыңа толы «тостағаныңнан ішкіздің» (Иш 51:17,19,22).

б  Немесе: Олардың (шабуыл жасап жатқан) садақшылардан қорғануы үшін.

в  Жар 12:6; 33:18-19; Пат1 12:25.

г  Яғни Соқот аңғарын да өлшеп, (халқыма) үлестіремін (Жар 33:17; Шеж2 4:17).

ғ  Яки: Яһуда — Менің (патша) таяғым. (Патшаның асатаяғы патшалық биліктің белгісі болатын: Жар 49:10.)

д  Яки: Едом үстіне аяқкиімімді лақтырамын. (Осы салт бір жерді өзінің меншігіне айналдыруды білдіретін: Рут 4:7.)