Забур жырлары  56
Құдайдан дұшпандардан құтқаруын сұраған мінажат
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол Дәуіттің Саулдан қашып, таудағы үңгірді паналағанына
а
арналған.)


2
Мейірленіп, Құдай, рақым етші маған,
Өйткені үмітімді артамын Саған,
Пәле-жала өткенше бас сауғалайын,
Қанатыңның аясын паналайын.
3
Сиынып тұрамын Алла Тағалаға,
Маған игілік жасаушы Құдайға.
ә
4
Ол көктен көмек жолдап аман сақтайды,
Мені өкшелеп қудалағанды қорлайды. //
Иә, Құдай рақымы мен шындығын сыйлайды.


5
Айналам толы жыртқыш арыстандай,
Сол сұмдардың тілдері өткір қылыштай,
Тістері де үшкір жебе мен найзадай.


6
Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын,
Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!


7
Дұшпандарым маған арнап тор құрды,
Сондықтан еңсем түсіп, көңілім қалды.
Жолыма олар тұзақ құрып, ор қазды,
Алайда сол орға өздері құлады. //


8
Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді,
Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді.
9
Жан дүнием, ояншы, сергек болайын,
Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын,
Ән-жырыммен атар таңды оятайын.
10
Уа, Ием, жұрт алдында Сені мадақтаймын,
Ұлттар арасында мақтап жырлаймын.
11
Себебі берік рақымың заңғар аспандай,
Әрі сенімділігің
б
асқар бұлттардай.


12
Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын,
Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!

а  Пат1 22:1; 24:3.

ә  Яки: Маған деген ниетін орындаушы Құдайға (137:8).

б  Яки: ақиқатың.