Забур жырлары  55
Жаулар тап бергенде Құдайға сенім білдіру
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Алыстағы үнсіз көгершін» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол філістірлердің Дәуітті Ғат қаласында ұстап алған кезіне
а
арналған.)


2
Уа, Құдай, бола гөр маған мейірімді,
Адамдар ұмтылады таптауға мені,
Күні бойы қыспақтап, тап береді.
3
Жауларым күнде қудалап өкшелейді,
Менмендер маған қарсы бас көтереді.
4
Қорыққанда Саған артам сенімімді.


5
Құдайға сеніп енді қорықпаймын,
Берген сөзі үшін Оны мадақтаймын,
Сонда пенде не жасай алады маған?


6
Күнде жаулар сөздерімді бұрмалайды,
Әрдайым маған қарсы қастық ойлайды,
7
Жасырынып бір жерге жиналады,
Бар қадамдарымды бақылап тұрады,
Аңдып жанымды алуға ұмтылады.
8
Уа, Құдай, сұм істерімен құтылтпашы,
Сол қыңыр ұлттарды қаһарыңмен құлдыратшы.
ә


9
Шарасыздығымды ұмытпай ескересің,
«Құтыңа» жинап қой көз жасымның бәрін,
Жазылған жоқ па олар кітабыңда Сенің?
б
10
Сиынып сұрасам қолдауыңды Сенің,
Кері шегінеді жауларым менің,
Құдайдың маған жар екенін білемін.


11
Берген сөзі үшін Құдайды мадақтаймын,
в
Берген уәдесі үшін Иемді даңқтаймын.
12
Құдайға сеніп енді қорықпаймын,
Сонда пенде не жасай алады маған?


13
Уа, Құдайым, мен Өзіңе бағыштаймын
Берген уәдеме сай шүкірлік тартуларын.
г
14
Өйткені аяғымды сүрінуден сақтадың,
Жанымды ажалдың аранынан құтқардың.
Осылай Сен мені Өзіңнің алдыңда
Аман жүрсін дедің өмірдің нұрында.
ғ

а  33:1; Пат1 21:10-45.

ә  Яки: Өзіңе мойынсұнбайтын ұлттарды (немесе: топтарды) қаһарыңмен құлдыратшы.

б  138:1-3; 38:12; Пат4 20:5; Дан 12:1; Мал 3:16.

в  55:5.

г  65:13-14; Леу 3; 7:11-18.

ғ  (Әйүп 33:30) Яки: Аман жүрсін дедің тірілердің (жарық) әлемінде (114:9).