Забур жырлары  50
Құдайдан кешірім сұрау
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры,
2
Барсабиямен жақындасып күнәға батқан Дәуітке Натан пайғамбар келген оқиғаға
а
байланысты мінажат.)


3
Шексіз сүйіспеншілігіңе бола,
О, Құдай, маған рақым ете гөр,
Мейіріміңнің молдығына бола
Қылмыстарымды өшіріп тастай гөр.
4
Мені әділетсіздігімнен арылтып,
Күнәларымнан түгел тазарта гөр.


5
Қылмыстарымды жақсы білемін де,
Күнәларым әрдайым тұр есімде.
6
Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым,
Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім.
Осылай әділ Сенің айтқандарың,
Мүлтіксіз де маған жүргізген сотың.
ә


7
Мен күнәкар болып дүниеге келдім,
Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім.
б
8
Сен жүректің таза болуын қалайсың,
Жан дүниеме даналық та құясың.


9
Құрбандық қанын бүркіп, күнәмді кеше гөр,
в
Сонда көз алдыңда пәк таза боламын,
Күллі күнәмнан мені жуып-шая гөр,
Сонда қардан да аппақ тазарамын.
10
Шаттық үнін маған қайтадан естірте гөр,
Сен әлсіреткен денемді қуанта гөр,
11
Күнәларыма енді назар аудармай,
Бар қылмыстарымды өшіріп тастай гөр.


12
Уа, Құдайым, жүрегімді тазарта гөр,
Рухымды берік қылып, жаңарта гөр.
г
13
Қасыңнан мені қуып шыға көрме,
Киелі Рухыңды менен ала көрме,
14
Мені құтқарғаныңа қуантып тағы,
Сыйлай гөр азғырылмайтын берік рухты.


15
Қылмыскерлерге ақ жолыңды үйретейін,
Күнәкарлар сонда Саған бұрмақ беттерін.
16
Қан төккен мені арылтсаңшы кінәмнан,
Сенсің ғой жалғыз Құтқарушы Құдайым.
Тіліммен әділдігіңді мадақтаймын.


17
Аузыма ерік бере гөр, Жаратқан Ием,
Сені емін-еркін мадақтап, дәріптейін.
18
Құрбандық шалуымды қаламай тұрсың,
Өртеу құрбандығын да ұнатпай тұрсың,
Әйтпесе оларды ұсынар да едім.
19
Ал Құдайға ұнамды сый, құрбандық —
Күнәсіне шынымен өкінген рух.
Шын опық жеп, бағынған жүрекке Сен
Теріс қарамайсың, уа, Құдай Ием.


20
Игі еркіңмен Сионды
ғ
өркендете гөр,
Қамалын оның қайта тұрғыза гөр.
21
Сонда Саған ұнамды пәк тартулар
Шалынбақ һәм өртелетін құрбандықтар,
Үстеліңе торпақтар
д
да ұсынылмақ,
Сенің жолыңа солар бағышталмақ.

а  Пат2 11:4; 12:1-13.

ә  Немесе: Осылай айтқандарыңның әділ екені көрінеді, сотыңда пәк таза (яки: жеңімпаз) болып шығасың.

б  Адам ата мен Хауа ананың күнәкарлығы олардан тараған бүкіл адамзатқа мұра іспетті берілді (Жар 6:5; Рим 5:12).

в  Немесе: Діни қызметкердің сайсағыз (үсоп) бұтақшасын құрбандықтың қанына батырып алып, өкінген күнәкарға бүріккеніндей, Сен мені кешіріп, күнәдан арылта гөр! (Мыс 12:22)

г  Яки: Уа, Құдай, бойымда таза жүрек жаратып, денемдегі рухты әділ қылып жаңарта гөр.

ғ  Яки: Иерусалим қаласын.

д  Яғни жас бұқалар.