Забур жырлары  46
Құдайдың бар халықтарға жүргізетін билігі
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)


2
Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар,
Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!
3
Себебі Жаратқан — Хақ Тағала айбатты,
Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы
4
Бізге халықтарды бағындырады,
Жау ұлттарды табанымызға салады.
5
Үлесімізге таңдады Ол біз үшін
Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін. //


6
Құдай Ие халқының шаттық айқайымен
Тұрағына көтерілді, һәм керней үнімен.
7
Әндетіңдер, Құдайға ән-жыр шырқаңдар,
Күй тартып та Патшамызды мадақтаңдар!
8
Құдай — Патшасы күллі жер бетінің,
Лайым Оған айтыңдар мадақтау жырын!


9
Құдай халықтарға билігін орнатты,
Киелі тағына Ол отырып алды.
10
Басқа ұлттардың басшылары жиналар,
Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар,
Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары,
а
Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!

а  Немесе: қалқандары. (Ежелгі патшалар өз халқын қорғайтын қалқан деп бейнеленетін.)