Забур жырлары  40
Науқас жанның мінажаты
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)


2
Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты!
Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады,
3
Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды,
Жаратқан оны елде жарылқайды,
Жауларының еркіне беріп қоймайды.
4
Ауырса ол, Иеміз оған күш береді,
Төсектегі оның халін түзетеді.


5
Иеме былай деп мінажат еттім:
«Рақымды бола гөр, уа, Жаратқан Ием,
Саған қарсы күнә жасаған едім,
Сауықтыра гөр жан дүниемді менің!»


6
Дұшпандарым жамандап былай дейді:
«Қашан анау өліп, аты өшеді?»
7
Біреуі маған кіріп-шықса, жалған сөйлейді,
Шынымен ол тек өсек-аяң жинайды,
Барған жерлерінде сонысын жаяды.


8
Мені жек көргендердің барлығы
Өзара маған қарсы сыбырласады,
Былай деп жамандық ойластырады:
9
«Қатерлі ауру жабысыпты оған,
Ол мәңгі тұрмайды жатқан орнынан!»


10
Тіпті дастарқандас боп нанымды жеген
Сырлас досым, өзім толықтай сенген,
Енді мені теуіп жіберу үшін
Маған қарсы көтерді өз өкшесін.


11
Ал Сен, уа, Ием, рақымды бола гөр,
Сауықтырып орнымнан тұрғыза гөр,
Оларға лайықтысын қайтарайын.
12
Жауымның мені жеңіп шықпағанынан
Ұғамын Сенің риза екеніңді маған.
13
Адал жүрген мені аман сақтайсың,
Көз алдыңа мәңгі орнатқызасың.


14
Исраил сиынатын Құдай Ие
Мадақтала берсін мәңгілікке!
Аумин, иә, аумин.