Забур жырлары  36
Сенімін Жаратқанға артқан жарылқанар
1
(Дәуіттің жыры.)


Арамзаларға ренжіп ашуланба,
Жамандық жасайтындарға қызықпа,
2
Олар шөп сияқты жылдам солады,
Көк шөптей тез қурап, өліп қалады.


3
Жаратушыға сеніп жақсылық жаса,
Еліңде тұрып адалдықты сақта,
4
Жаратқан Иеңнен тап рақатыңды,
Ол сыйлайды ізгі жүрек қалауыңды.


5
Өмір жолыңды тапсыр Тәңір Иеге,
Оған сүйеніп сеніміңді жүкте,
Ол сен үшін әрекет етеді де:
6
Жайнатады әділдігіңді таңғы нұрдай,
Ісіңнің ақтығын тал түскі күндей.


7
Шыдамды бол Жаратқанның алдында,
Шешімін күт сабырмен, еш асықпа!
Арам жоспарын іске асырған жанға,
Табысқа жеткен зұлымға ашуланба!


8
Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды,
Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды.
9
Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер,
Иемізге сенушілер елді иемденер.
а


10
Көп ұзамай зұлым адам ғайып болар,
Іздесең таппайсың, орны босап қалар.
11
Ал кішіпейіл жандар елді иеленер,
Бейбіт өмірдің рақатына мол сүйсінер.


12
Арсыз жан әділге жамандық ниеттенер,
Менсінбей оны, тіс қайрап жек көрер.
13
Бірақ Иеміз онысына тек күледі,
Сот күнінің таяп қалғанын біледі.


14
Семсерін суырып, садағын тартты сұмдар,
Жарлыны құлатып, адалды
ә
құртпақ олар,
15
Ал семсерлері өз жүректеріне қадалар,
Садақтары сындырылып, талқандалар.


16
Әділдің қолындағы аздың өзі
Көп зұлымның қолындағы молдан ізгі.
17
Себебі зұлымның күші жойылады,
Бірақ әділді Жаратқан нығайтады.


18
Мінсіздерге Жаратқан күнде көз салады,
Мұралық меншіктері мәңгі сақталады,
19
Ауыр күнде мінсіздер масқара болмайды,
Тіпті аштық кезінде тамағын тоя жейді.
б


20
Жаратқанның жаулары жойылады,
Зұлымдар даланың көркіндей солады,
Жайылған түтіндей тез ғайып болады.


21
Арсыз жан қарыз алып, қайтармайды,
Әділ жан мүсіркеп, қамқорлайды.
22
Иеміз жарылқағандар жерді мұралайды,
Ал Оның қарғағандары қырғынға ұшырайды.


23
Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады,
в
Жүрген өмір жолын Ол ұнатады,
24
Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды,
Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды.


25
Жас та болдым, енді міне, қартайдым,
Көрмедім әділ жанның бейшара болғанын,
Ұрпағының қайыршы боп нан сұрағанын.
26
Қайта, күнде жаны ашып қарыз береді,
Ұрпағы да елге игілік әкеледі.


27
Жамандықтан без, ұдайы жақсылық істе,
Сонда өмір бойы тұрасың еліңде.
28
Себебі Жаратушы әділдікті қалайды,
Өзіне бағышталған жаннан
г
бас тартпайды.


Сондайды Ол мәңгі аман-есен сақтайды,
Ал сұмның ұрпағы қырғынға ұшырайды.
29
Әділдер осылай елді иеленеді,
Өмір бақи оны мекен етеді.
ғ


30
Әділ жанның аузынан даналық шығады,
Тілімен ол әрдайым әділдік айтады,
31
Жүрегінде Құдайының заңы
д
қалады,
Әділдік жолында аяғы нық болады.


32
Арамза адам әділді торып аңдиды,
Оның көзін құртудың амалын іздейді,
33
Ал Иеміз әділді арамзаға қалдырмайды,
Оған әділге қарсы үкім шығартпайды.


34
Жаратқанға сүйеніп, Оның жолымен жүр,
Ол сені көтеріп елді иелентер,
Зұлымдардың құрығанын саған көрсетер.


35
Бұтағын жайып, тереңге тамырлаған
Зор ағаштай сұм да қатал жанды байқағам,
36
Енді міне, ол уақыты өтіп жоқ болған,
Іздесем де, оны мүлдем таба алман.


37
Мінсізді бақыла, әділге қара:
Зор болашақ бар бейбіт адамда,
38
Бірақ заңсыздар түгел құртылады,
Сұмдардың болашағы қырғын болады.
е


39
Әділдерді Жаратқан құтқарып алады,
Пәлеге тап болса, оларға пана болады,
40
Жаратушы оларды қолдап құтқарады,
Зұлымдардың қолынан босатып алады,
Өйткені әділдер Оған үміт артады.

а  Яғни Жаратқан Иемізге сенімін артқандар Оның еліндегі үлестерін мұра етіп иеленеді (24:13; 36:11,18,22,27,29,34).

ә  Яки: тура жолмен жүрушіні.

б  32:19.

в  Немесе: бағыттайды.

г  Яки: Қасиетті кісісінен.

ғ  36:9,34.

д  Яки: Құдайының (Тауратта берілген) тәлімі.

е  Немесе: Сұмдардың ұрпақтары да жойылады.