Забур жырлары 3
Жәбірленушінің таң ата сиынып қайта жігерленуі
1
(Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне арналған.)
2
Уа, Ием, жауларым сонша көбейді,
Көп адам маған қарсы көтерілді.
3
Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»
Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.
4
Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,
Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.
5
Жаратқанға дауыстап жалынам,
Ол жауап береді киелі тауынан.
6
Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам,
Содан оянып, тұрамын қайтадан,
Себебі мені қорғайды Жаратқан.
7
Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан
Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.
8
Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы,
О, Құдайым, мені құтқарсаңшы!
Сен жағынан ұрып күллі жауларымды,
Күшінен айырасың сол зұлымдарды.
9
Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің,
Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің.