Забур жырлары  29
Ажалдан құтқарылған жанның шүкірлік әні
1
(Ғибадатхананы Құдайға бағыштау кезінде айтылатын Дәуіттің әні әрі жыры.)


2
Уа, Жаратқан, даңқыңды асырамын,
Сен мені шыңыраудан алып шықтың,
Жауларыма мені табалатпадың.
3
О, Құдай Ием, мен Саған сиындым
Қолдау сұрап, сонда мені сауықтырдың.
4
Уа, Ием, мені көрден алып қалдың,
Ажалдан жанымды арашаладың.


5
Ей, Жаратқан Иеге бағышталғандар,
Оған арнап ұдайы ән шырқаңдар,
Оның киелі атын мадақтаңдар!
6
Өйткені Ол бір-ақ сәт ашуланады,
Ал рақымы өмір бойы ұласады.
Кешке жылап-сықтау басым болады,
Ал таң ата қуаныш тосып тұрады.


7
Аман-сау болғанда мақтанған едім:
«Мен ешқашан да толқымаймын!» дедім.
8
Ал мені таудай нығайтқан Сенің рақымың.
Кейін бет-жүзіңді менен жасырдың,
Сонда мен қорқып уайымға салындым.


9
Уа, Жаратқан Ием, Саған сиындым,
Қолдау сұрап Өзіңе жалбарындым:
10
«Өліп, көрге түсуімнен не пайда,
Топырақ сонда Сені мадақтар ма,
Адалдығыңды Сенің жариялар ма?!
а
11
Құлақ түрші, уа, Ием, рақым ете гөр,
О, Жаратқан Ие, қолдаушым бола гөр».


12
Қайғымды шаттық биімен
ә
алмастырдың,
Азалы киімімді шешіп тастадың,
Ерен қуанышқа мені бөледің.
13
Енді үздіксіз Саған ән саламын,
Уа, Құдай Ием, мәңгі мақтау айтамын.

а  6:6; 87:12-13.

ә  Мыс 15:20-21; Бил 21:19,21.