Забур жырлары  28
Хақ Тағаланың табиғатта көрінетін құдіреті
1
(Дәуіттің жыры.)


Ей, мықтылар,
а
Жаратқанды дәріптеңдер,
Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,
2
Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,
Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер!
ә


3
Жаратқанның даусы сулардың үстінде,
Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде,
Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде.
б
4
Жаратқанның даусы тым құдіретті,
Жаратқанның даусы асқан айбатты.
5
Оның даусы самырсынды сындырады,
Ливанның самырсындарын құлатады,
6
Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді,
Хермон тауын
в
жас бұқадай сілкінтеді.


7
Жаратқанның даусы от-жалын шашады,
8
Оның даусы иен даланы шайқалтады,
Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.
9
Жаратқанның даусы емендерді сілкілейді,
г
Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді.


Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады.
10
Жаратқан топан су үстінде тақта отырады,
Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.
11
Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады,
Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.

а  Яки: мықтылардың ұлдары (Жар 6:2). Немесе: Құдайдың (рухани) ұлдары (не нөкерлері — періштелер: Әйүп 1:6).

ә  Немесе: Жаратқан Иеге Оның салтанатты киелі орнында бас иіңдер!

б  Яки: (Жерорта теңізіндегі немесе бұлттардағы) зор сулардың үстінде.

в  Яки: Сирионды (Хермон тауының ежелгі аты: Заң 3:9).

г  Немесе: Жаратқанның дауысы маралдарды төлдетеді.