Забур жырлары  27
Құдайдан зұлым жаулардан құтқаруды сұрау
1
(Дәуіттің жыры.)


Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием,
Жартастай берік қорғанымсың Сен,
Бас тарта көрме маған жауап беруден.
Егер де тіл қатып жауап бермесең,
Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.


2
Киелі үйіңе қарай қол көтеріп
Жалбарынсам Сенен қолдау тілеп,
Менің даусыма құлақ түре көрші.
3
Қылмыс жасайтын зұлымдармен бірге
Маған өлімді бұйыра көрмеші.
Басқалармен солар жылы сөйлескенмен,
Олардың жүректері арамза әбден.


4
Соларға жасаған қылмыстарына сай,
Істеген зұлым істеріне қарай
Тиісті жазаларын тартқыза гөр,
Лайықты қарымтасын қайтара гөр.


5
Иеміздің істерін олар елемейді,
Оның жаратқандарын құрметтемейді,
Сондықтан Ол соларды талқандайды,
Енді қайтып оларды көтермейді.


6
Жаратқан Ие мақталсын әрқашан!
Құлақ асты Ол даусыма жалынған.
7
Ием — күш-қуатым, қалқандай қорғаным,
Шын жүректен Оған сенім артамын.
Ол мені қолдады, қатты қуанады жүрегім,
Иеме ән салып Оны дәріптеймін.


8
Жаратқан Ие — күш-қуаты өз халқының,
Әрі Өзі тағайындаған патшасының
Берік қорғаны аман-есен сақтайтын.
9
Уа, Жаратқан, халқыңды құтқара гөр,
Меншікті қауымыңды жарылқай гөр,
Бағушысы болып мәңгі көтере бер.
а

а  22:1; Заң 1:31; Иш 40:11; 46:3.