Забур жырлары 25
Әділ жанның Жаратушыдан қолдау сұрауы
Төрелік айтып мені ақташы Өзің,
Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін,
Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.
2
Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр,
Жүрегім мен ой-санамды сынап көр.
3
Өйткені көз алдымда мейірімің, Сенің
Ақиқат жолыңмен жүріп келемін,
4
Өтірікшілермен бірге отырмаймын,
Зымияндармен де бірге жүрмеймін.
5
Арамзалар жиынын еш жаратпаймын,
Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.
6
Қол жуып адалдығымды білдіремін,
Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,
7
Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін,
Керемет істеріңді паш етемін.
8
Сен тұратын қасиетті үйіңді,
Ұлылығың мекендейтін орынды
Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.
9
Күнәкарлармен бірге жанымды алма,
Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
10
Арам қылықтары қолдарын былғайды,
Пара алып, беруден олар бас тартпайды.
11
Бірақ мен кінәратсыз таза жүремін,
Құтқаршы мені рақымыңмен Өзіңнің.
12
Тегіс жерде табан басып нық тұрамын,
Жиындарда Жаратқанға мақтау айтамын.