Забур жырлары  23
Сиондағы киелі үйге бару
1
(Дәуіттің жыры.)


Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі,
Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі,
2
Жердің негізін Ол теңіздің түбіне орнатты,
Ағындардың үстінен берік етіп нығайтты.
а


3
Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады,
Оның киелі орнында
ә
кімнің тұруына болады?
4
Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,
Жат тәңірге табынбай,
б
жалған айтпайтынға болады.


5
Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды,
Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды.
6
Уа, Құдай, тек бұлар Сенің алдыңа барады,
Жақып сиынған Құдай, олар Саған бет бұрады.


7
Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар,
Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар,
Кіре алсын даңққа бөленген Патша!
в
8
Кім екен осы даңққа бөленген Патша?
Ол — құдіреті күшті Жаратқан Ие,
Шайқаста құдіретті Жаратқан Ие!


9
Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар,
Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар!
10
Кім екен осы даңққа бөленген Патша?
Әлемнің Иесі, Сол — даңқталған Патша! //

а  103:5.

ә  Яғни Иерусалимдегі Сион тауында орналасқан киелі үйдің ауласында (2:6; 14:1; 64:5; Пат3 8:22,64-65).

б  Яғни шынайы емес, жалған тәңірге сиынбайтын.

в  Мұнда Жаратқан Иенің Келісім сандығының салтанатпен киелі үйге кіргізілуі жайлы айтылған (67:8-11,17-19; Пат3 8:6,9-13).