Забур жырлары  22
Ізгі Бағушы
1
(Дәуіттің жыры.)


Жаратқан Ием — менің Бағушым,
Мен еш нәрседен де тарықпаймын.
2
Ол мені жасыл жайлауға жаяды,
Тұнық суға жетелеп апарады.


3
Ием жаныма күш дарытады.
Есімі «Қасиетті» деп аталады,
Содан артамын Оған сенімімді:
Ол мені тура жолмен жетелейді.


4
Қап-қараңғы шатқалда
а
жүрсем де мен,
Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,
Себебі Өзің менің қасымдасың,
Жігер береді сойылың мен таяғың.


5
Сен маған дастарқан жаясың
Көз алдында дұшпандарымның,
Мені құрметпен қарсы аласың,
Тостағанды толтыра құясың.
ә


6
Жақсылық пен мейірімділік
Үлесім болады өмірлік,
Жаратқан Иенің үйінде
Мен қала беремін мәңгілік.

а  Немесе: Өлім қаупі төніп тұрған шатқалда.

ә  Немесе: Сен маған дастарқан жайып, басыма иісмай жағып (44:8), тостағанымды ернеулетіп толтырып бересің.