Забур жырлары 20
Жеңіс үшін шүкірлік айту
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
2
Уа, Ием, құдіретіңе патша қуанады,
Құтқарғаныңа шексіз шаттанады.
3
Оған жүрегінің қалауын сыйладың,
Сұраған тілектерінен бас тартпадың. //
4
Игіліктер сыйлап оны қарсы алдың,
Саф алтыннан басына тәж кигіздің.
5
Өмірін сақтауды сұрағанда Өзіңнен
Тіпті мәңгілік өмір сыйладың Сен.
6
Жеңіс беріп оны даңққа бөледің,
Абырой мен салтанатқа кенелттің.
7
Сен патшаны мәңгілік жарылқадың,
Қасыңда болу қуанышын сыйладың.
8
Себебі патша Жаратқанға сенім артады,
Хақ Тағаланың рақымымен нық тұрады.
9
Өзіңді жек көргенді іздеп табасың,
Бар жауыңды күшпен ұстап аласың,
10
Келгеніңде отты пешке тастайсың,
Уа, Ием, қаһарыңмен талқандайсың,
Оттың жалынымен түгел жалмайсың.
11
Жау ұрпақтарын жер бетінен құртасың,
Адамзат арасынан жоқ қыласың.
12
Олар саған қарсы қастандық ойлайды,
Алайда соны орындай алмайды.
13
Жебе тартып беттерін нысана етсең,
Оларды кері қайтуға мәжбүрлейсің.
14
Уа, Ием, көтеріле гөр құдіретіңмен,
Күш-қуатыңды даңқтаймыз ән-күйменен.