Забур жырлары  19
Жаратқан Иеден жеңіс тілеген мінажат
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)


2
Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын,
Жақыптың Құдайы
а
бар пәледен сақтасын,
3
Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін,
Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,
4
Бар сый-тартуларыңды ескере көрсін,
Өртелген құрбандығыңа да риза болсын. //


5
Жүрегіңнің қалауын Құдай берсін,
Бар ой-ниетіңді орындай көрсін.
6
Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз,
Құдайымыздың атынан ту көтереміз,
Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз.


7
Жаратқан Өзі тағайындаған Патшасын
Аман сақтайтынын енді білемін,
Жауап береді оған киелі көгінен,
Құтқарады оны құдіретті қолымен.


8
Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен,
Басқалар мақтанады тұлпарларымен,
Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен.
ә
9
Сол халықтар құлайды жығылып,
Ал біз нық боламыз берік тұрып.


10
Уа, Жаратқан, патшамызға жеңіс сыйлай гөр,
Сиынған кезімізде құлақ сала гөр.

а  Немесе: Жақыптың Құдайының есімі. («Құдайдың есімі» Оның киелі, құдіретті, игі және рақымды екенін білдіреді.)

ә  Немесе: Ал біз Құдай Иеміздің есіміне сенеміз (19:2-дегі түсініктемені қ.).