Забур жырлары  150
Жаратқан Иемізді ән-күймен мадақтаңдар!
1
Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде,
Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!
а
2
Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін,
Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен!


3
Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің,
Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!
4
Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен,
ә
Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!
5
Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен,
б
Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!


6
Жаны барлар
в
түгелдей мадақтасын Иемізді!
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

а  Яки: Мадақтаңдар Оны Өзінің құдіреті көрінетін (әуе) кеңістігінде (18:2; Жар 1:6-8; Иш 40:22).

ә  Яки: би билеп (149:3).

б  Яки: даңғыраның даңғырымен (Мыс 15:20-21).

в  Яки: Тіршіліктің лебі барлар (Жар 2:7).