Забур жырлары  15
Игілік атаулының бастауы — Құдайға деген сенім
1
(Дәуіттің насихат мінажаты.)


Уа, Құдайым, сақтай гөр Өзің мені,
Баспана етемін жалғыз Сені!


2
Жаратқанға былай деймін: «Сен Иемсің,
Сенен бөлек жоқ ешбір игілігім!»
а
3
Ұлы жандар — Саған бағышталғандар,
Маған өте ұнайды елде олар.
ә
4
Ал бөтен тәңірлердің жолын қуғандар:
Қасіретке молынан ұшырамақ олар.
Тәңірсымақтарға құрбандық шалмаймын,
Олардың аттарын аузыма еш алмаймын.


5
Уа, Ием, маған жар болып келесің,
б
Жарылқап мені амандық бересің,
в
Тағдырым қауіпсіз қолыңда Сенің.
6
Тамаша — маған тиген үлесім,
Қатты ұнайды ғажайып мұрам.
г
7
Даңқтаймын ақыл-кеңес берген Иемді,
Ұжданым түнде де мені ескертеді.
8
Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,
Оң жағымда Ол маған жар боп келеді:
Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде.


9
Содан жүрегім шаттыққа толады,
Мәз-мейрам болып тілімнен бал тамады,
Саған сенгенімнен тәнім тыншиды.
10
Сен жанымды о дүниеге қимайсың,
Қасиетті адамыңның
ғ
тәнін шірітпейсің.
11
Шын өмір жолын маған көрсетесің,
Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің,
Оң жағыңда мәңгі игілік бересің.

а  Немесе: «Менің ешқандай игілігім Сенің алдыңа жете алмайды».

ә  Немесе: Жер бетіндегі қасиетті әрі ғажап адамдарыңды қатты сағынамын.

б  Немесе: Жаратқан Ие — үлесіме тиген мұрам. (Ежелде уәделі елге қоныстанған халықтың әрбір отбасына жер үлестірілгеніндей, әр сенуші Құдаймен тығыз қарым-қатынасын өзінің рухани үлесі және мұрасы деп санай алады: Жыр 72:25-26; Жоқт 3:27.)

в  Немесе: әрі менің тостағаным. (Үй иесінің қонағына сергітетін сусын ұсынатыны сияқты, Құдай да сенушілерге рақымын, амандық пен жарылқауын сыйлайды).

г  Мұра: яғни Құдаймен тығыз қарым-қатынас және содан шығатын барлық игілік (15:5; Заң 18:2).

ғ  Яки: Өзіңе бағышталған адамыңның.