Забур жырлары  149
Құдай халқының мадақтау жыры
1
Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар!


Жаратқан Иеге жаңа ән-жыр салыңдар,
Сенушілер қауымында Оны мадақтаңдар!
2
Шаттан, Исраил, өзіңді Жаратқанға,
Сион халқы қуансын Патшасына,
3
Би билеп
а
мадақтасын Оның атын,
Дауылпаз, жетігенмен ән шырқасын!
4
Жаратқан өз халқынан рақат табады,
Кішіпейілдерді даңқтап, құтқарады.


5
Адал жандар бұл құрметке шаттансын,
Төсекте жатып та қуана ән салсын,
6
Аузында Құдайды мақтайтын ән болсын,
Қолдарына екі жүзді семсер ұстасын,
ә
7
Бас көтерген
б
ұлттарды соттау үшін,
Қыңыр халықтарды жазалау үшін,
8
Олардың патшаларын кісендеу үшін,
Төрелерін темірмен шынжырлау үшін,
9
Жазылған үкімдерін орындау үшін.
Бұл — құрмет Оған бағышталғандар үшін.


Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!

а  19:12; Мыс 15:20-21; Бил 21:19,21; Пат2 6:14,21.

ә  Нех 4:17; Евр 4:12; Еф 6:12-13,17.

б  Яки: Құдайға мойынсұнбайтын.